10.06.2009, 15:48 1409

"Ауыз су" бағдарламасының аясындағы қаржыны уақытында игермеу су құбырларын қыс маусымында сапасыз тартуға алып келеді - мәжіліс депутаты

"Ауыз су" бағдарламасының аясындағы қаржыны уақытында игермеу су құбырларын қыс маусымында сапасыз тартуға алып келеді - мәжіліс депутаты

Астана. 10 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекеттік 2002-2010 жылдарға арналған "Ауыз су" салалық бағдарламасының аясындағы қаржыны уақытында игермеу су құбырларын қыс маусымында сапасыз тартуға алып келеді. Бұл туралы мәжіліс депутаты Петр Дмитриенко бүгін палатаның жалпы отырысында Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың атына жолдаған депутаттық сауалында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі мәжіліс аппаратының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Депутаттың айтуынша, бағдарлама аясында бөлінген қаржы өңірлерге жетпей жатыр. Ал Қазақстан халқының 21% жуығы қазір орталықтандырылмаған көздерден алынатын суды тұтынса, 2,2%-ы тасымалданатын суды, 1,6%-ға жуығы ашық су қоймаларындағы суды пайдаланады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны