19.03.2020, 19:28 5437

Аумақтық мемлекеттік кірістер департаменттерінде байланыс орталықтары ашылды

Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты салық, кедендік міндеттемелерді орындауға қатысты барлық сұрақтар бойынша кеңес ала алатын байланыс орталықтары құрылғанын хабарлайды.

Алматы. 19 наурыз. Kazakhstan Today - Аумақтық мемлекеттік кірістер департаменттерінде байланыс орталықтары ашылды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті барлық аумақтық органдарға баруды азайту және жеңілдету мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты салық, кедендік міндеттемелерді орындауға қатысты барлық сұрақтар бойынша кеңес ала алатын байланыс орталықтары құрылғанын хабарлайды.

МКК төтенше жағдай кезінде тұрғылықты жері бойынша немесе орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарының байланыс орталықтарының қызметтерін kgd.gov.kz веб-сайтында "Біз туралы"/ "Халықпен жұмыс"/ "Мемлекеттік кірістер органдарының байланыс орталықтарының телефондары" жолы бойынша, сондай-ақ http://kgd.gov.kz/sites/default/files/telefonnye_nomera_kc.docx сілтемесі бойынша тізімде көрсетілген телефон нөмірлері бойынша пайдалануға кеңес береді.

Сонымен қатар, ҚР ҚМ МКК байланыс орталығымен байланысуға болады:

1414 телефоны бойынша;

WhatsApp: +7 778 210 98 68

+7 776 136 41 32

+7 705 559 12 33

+7 705 559 12 39

Электрондық пошта арқылы: [email protected]

Telegram: https: https://t.me/KGDMFRK1414

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны