02.08.2012, 15:24 5422

Аурухана секторын халықтың қажеттілігіне қарай дамыту қажет - сарапшы

"100 мектеп, 100 аурухана" бағдарламасының аясында аурухана секторын дамыту ісі халықтың қажеттілігіне сәйкес жүргізілуі керек, деп хабарлады "Қазақстан Республикасында аурухана секторын дамыту стратегиясы" жобасының жетекшісі Джеймс Церконе Pm.kz сайтына берген сұхбатында.

Астана. 2-тамыз. Kazakhstan Today - Аурухана секторын халықтың қажеттілігіне қарай дамыту қажет, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"100 мектеп, 100 аурухана" бағдарламасының аясында аурухана секторын дамыту ісі халықтың қажеттілігіне сәйкес жүргізілуі керек, деп хабарлады "Қазақстан Республикасында аурухана секторын дамыту стратегиясы" жобасының жетекшісі Джеймс Церконе Pm.kz сайтына берген сұхбатында.

"Біз ҚР Денсаулық министрлігіне халықтың бүгінгі қажеттілігіне ғана емес, болашақтағы ықтимал қажеттілікке де негізделген аурухана секторын дамытудың инвестициялық стратегиясын әзірлеуге көмектесудеміз", - деді жоба жетекшісі, Санигест Интернационал" консалтингілік компаниясының президенті Джеймс Церконе.

Айта кету керек, соңғы жылдары Қазақстан "100 мектеп, 100 аурухана" инвестициялық бағдарламасының аясында аурухана секторын дамытуда. Бағдарламаның басты мақсаты Қазақстандағы амбулаторлық емдеудің стандарттарын халықаралық деңгейге дейін көтеру болып табылады.

"ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің пайымдауынша, келешекте түрлі аурулармен ауыратын қарт адамдар көп болады. Оларға емханаға жатқызудың қазіргі жүйесінен басқаша емдеу жүйесі керек болады, сондықтан қазірден бастап инфекциялық ауруханаларға деген қажеттілік азаяды, есесіне онкологиялық көмекке деген қолжетімділікті кеңейту қажет",- деді Джеймс Церконе.

Сонымен қатар сарапшы, медицина қызметкерлерінің жеке жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ еңбек ресурстарының тиімділігін көтеруге бағытталған ҚР Елбасының "Қазақстанның әлеуметтік жаңартылуы: Жалпыға ортақ Еңбек қоғамына жиырма қадам" бағдарламалық мақаласы маңызды бастама екенін атап өтті.

"Денсаулық сақтау жүйесін кешенді реформалау - әлеуметтік жаңартудың ажырамас бөлшегі және ол әрбір азаматтың өз денсаулығы үшін жауапты екендігінің кепілі. Бұл шара еңбек өнімділігін арттыруға сеп болады және жалпы алғанда еліміздің экономикалық дамуына үлес қосады",- деп түйіндеді өз сөзін Джеймс Церконе.

Дүниежүзілік қайта құру және даму банкінің "Технологиялар беру және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау секторында институционалдық реформалар жүргізу" атты жобасының аясында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі халықаралық консалтингілік компаниясымен бірлесіп халықаралық стандарттарға сәйкес 2020 жылға дейінгі кезеңде аурухана секторын дамыту стратегиясының (медициналық көмек көрсетудің деңгейлері бойынша) жобасын іске асыруда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны