11.04.2019, 18:37 15335

"Ауыл" ХДПП Алматы қалалық филиалының төрағасы Президент сайлауы туралы пікір білдірді

Халық сайлаған Президент еліміздің ішкі және сыртқы саясатын батыл және әділ жүргізе алады. Ол дегеніміз еліміздің болашағы мәңгілік ел болудың темірқазығы",- деді Абдулла Сапаров.

Алматы. 11 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақ халқына үндеуінде 9 маусымда ел Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы шешімін қолдаймыз және оның өте маңызды қадам екені айдан анық.

"Ауыл" халық демократиялық патриоттық партиясының Алматы қалалық филиалының төрағасы Абдулла Сапаров осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының негізінде дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін, халыққа жоспарлы түрде жасалған жолдауларында халықтың әл-ауқаты мен әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту қажет екені көрсетілген. Ол үшін тәуелсіз елдің азық-түлік пен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет. Осы орайда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақ халқына үндеуінде 9 маусымда ел Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы шешімін қолдаймыз және оның өте маңызды қадам екені айдан анық.

Осыған орай, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, сайлау таза, ашық әрі әділ өтуі қажет. Тәуелсіз еліміздің болашағын басқаратын президентті халық қолдап, әділ сайлау арқылы таңдауы қажет. Бұған қазіргі таңда халықтың жауапкершілікпен қарайтындығына сенімім мол. Сонымен бірге, Президенттің кезектен тыс сайлауы Конституцияның талаптарына сай және демократиялық принциптер негізінде өтеді. Халық сайлаған Президент еліміздің ішкі және сыртқы саясатын батыл және әділ жүргізе алады. Ол дегеніміз еліміздің болашағы мәңгілік ел болудың темірқазығы",- деді Абдулла Сапаров.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны