11.08.2015, 17:10 3986

"Авиадартс-2015"-те қазақстандық команда сәтті өнер көрсетті

Барлығы сайысқа Қазақстан, Ресей, Беларусь пен Қытайдыӊ төрт мемлекетінен 104 ұшақ пен тікұшақта 57 команда қатысты. Жалпы есепте бірінші орында Ресейдіӊ ұшқыштары, екінші орында Қазақстан, үшінші орынға Қытай тұрақтады.

Астана. 11 Тамыз. Kazakhstan Today - Бүгін, 11 тамызда "Авиадартс - 2015" қатысушылары өздерініӊ авиабазаларына келді. Оларды қолбасшылықтыӊ ыстық ықыласы мен көптен күткен отбасымен қауышу күтіп тұрды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Барлығы сайысқа Қазақстан, Ресей, Беларусь пен Қытайдыӊ төрт мемлекетінен 104 ұшақ пен тікұшақта 57 команда қатысты. Жалпы есепте бірінші орында Ресейдіӊ ұшқыштары, екінші орында Қазақстан, үшінші орынға Қытай тұрақтады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Сайыс бес аталым бойынша өткізілді, оныӊ ішінде шабуылдау авиациясы, жойғыш авиация, маӊдайшептік бомбалаушы авиация, көліктік-жауынгерлік тікұшақтардыӊ армиялық авиациясы, жауынгерлік тікұшақтардыӊ армиялық авиациясы, қашықтық авиация, әскери-көлік авиациясы, сондай-ақ жоғары пилотажды авиациялық топтар мен пилотаждық топтыӊ дара экипажына арналған байқаулар өтті.

Қазақстан үш аталым бойынша қатысты. "Жойғыш авиация" аталымында Ресей Федерациясынан Су-30СМ, МиГ-29СМТ және Су-27СМ ұшақтарында бір-бір команда, МиГ-29 бен Су-27 ұшақтарында Қазақстан Республикасынан бір-бір командадан қатысты. Нәтижесінде бес команданыӊ ішінен МиГ-29 қазақстандық жұп екінші орын, ал Су-27 командасы төртінші орын алды.

"Көліктік-жауынгерлік тікұшақтардыӊ армиялық авиациясы" аталымында Қазақстан Республикасынан Ми-8 тікұшағында бір команда қатысты. Ресей Федерациясынан Ми-8 тікұшағында 4 команда. Нәтижесінде бес команданыӊ ішінен қазақстандық жұп екінші орынды қанжығасына байлады.

"Шабуылдау авиациясы" аталымында Су-25 ұшағында Қазақстан Республикасынан үш команда, Су-25СМ ұшағында Ресей Федерациясынан үш команда, Су-25СМ ұшағында Беларусь Республикасынан бір команда қатысты.

Мұныӊ барлығы жалпы есепте Қазақстан ИИК ұшқыштарына жалпы командалық екінші орынды иеленуге мүмкіндік берді. Жарысқа "3-сыныпты ұшқыш" біліктілігі бар жас ұшқыштар ғана қатысқанын атап өту қажет.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны