11.01.2011, 15:17 5782

Австралияда су тасқынынан қаза тапқандар саны 8 адамға жетті

Австралияда соңғы 90 жылдағы ең жойқын су тасқынынан қаза тапқандар саны 8 адамға жетіп, 11 адам із-түссіз жоғалғандар санатында, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Хабар агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Алматы. 11 - қаңтар. Kazakhstan Today - Австралияда соңғы 90 жылдағы ең жойқын су тасқынынан қаза тапқандар саны 8 адамға жетіп, 11 адам із-түссіз жоғалғандар санатында, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Хабар агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Хабар агенттігінің хабарлауыша, жүздеген адам қауіпсіз жерлерге көшірілді. Жойқын су тасқынына "Таша" дауылы әкеп соққан. Дүйсенбі күні Квин-сленд штатындағы 90 мың тұрғыны бар Тувумба қаласының көшелерінде 8 метрге дейін көтерілген тасқын жүріп, жол бойындағы адамдар мен көліктер су астында қалды. Тұрғындарға ағаштар мен үйлердің шатырына көтерілуге тура келді. Құтқарушылар оларды тік-ұшақтармен көшіруде.

12 мыңнан астам тұрғын үй мен құрылыстар қирап, апаттан келген экономикалық шығын көлемі миллиардтаған долларға жетті. Квин-сленд штатындағы көмір шахталарының жабылуы, әлемдік бағаның күрт жоғарылауына ықпал етті. Австралияға Біріккен ұлттар ұйымы қол ұшын беруге дайын екендігін білдірді. Сондай-ақ, ұйым қажет жағдайда халықаралық қоғамдастықтан да көмек сұрауға әзір.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны