18.05.2016, 19:32 3850

Австрияда "Азбука жилья" компаниялар тобыныӊ басшысы Е.Тайжанов тұтқындалды

Австрияда "Азбука жилья" компаниялар тобыныӊ басшысы Ерқанат Тайжанов тұтқындалды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне ҚР Ішкі істер министрлігі Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментініӊ директоры Алмас Садубаев мәлім етті

Астана. 18 мамыр. Kazakhstan Today - Австрияда "Азбука жилья" компаниялар тобыныӊ басшысы Ерқанат Тайжанов тұтқындалды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне ҚР Ішкі істер министрлігі Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментініӊ директоры Алмас Садубаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Австрияныӊ құқық қорғау органдарымен бірлескен жедел іздестіру шаралары барысында сеніп тапсырылған мүлікті иемденуі және талан-таражға салғаны үшін Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросы халықаралық іздеу жариялаған Тайжанов Ерқанат Шарапатұлы ұсталды. Тайжанов 2012-2015 жылдары аралығында "Азбука жилья" компаниялар тобыныӊ нақты иесі бола тұрып, үлескерлердіӊ 40 млрд. теӊгеден асам қаржысын қасақана әрі заӊсыз иемденген. Қазіргі уақытта ұсталғанды Қазақстан Республикасына экстрадициялау мәселесі шешілу үстінде", - деді ол, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Айта кетейік, "Азбука жилья" құрылыс компаниялары тобыныӊ басшыларынан "Айсанам", "Айсанам де люкс", "Комсомольский", "ExpoCity", "ExpoTown", "Комфорт", "Гарант", "Жеті Жол", "Садовые кварталы" және "Династия" тұрғын үй кешендерініӊ үлескерлері зардап шекті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны