07.05.2010, 17:30 3389

Австрияда Беларусь президентінің демалуына қатысты дау-дамай туындады

Австрияда Беларусь президентінің демалуына қатысты дау-дамай туындады

Алматы. 7 мамыр. Kazakhstan Today - Австрияда Беларусь президенті Александр Лукашенконың демалуына қатысты дау-дамай туындады. Белгілі болғанындай, кезінде ол біріккен Еуропаға А.Лукашенконың кіруіне салған Еуропалық Одақтың тыйымына қарамастан, Тироль тау шаңғысы шипажайында демалған. Президенттің демалу төлемін австриялық кәсіпкерлер төлеген, деп хабарлайды Kazakhstan Today "Коммерсантъ" газетіне сілтеме жасап.

Беларусь сарапшыларының айтуынша, содан бері Австриның компаниялары Минскіде артықшылықтағы жағдайда екені айқын байқалады.

"Дау-дамайдың шығуына австриялық Эрвин Рот есімді тілші Венадағы ықпалды газеттердің бірі Die Presse басылымында өзінің журналистік зерттеуін жариялауы себеп болған. Соған сәйкес 2002 жылы Беларусь президенті Александр Лукашенко сол кездегі Австрияның Ұлттық олимпиада комитетінің төрағасы әрі Casinos Austria ойынханалар желісінің қожайыны Лео Вальнердің шақыруымен Тироль тау шаңғысы шипажайында демалған", - деп жазады басылым.

Э. Роттың анықтағанындай, "беларусь қонақтарының екі апталық демалысына австриялықтар 200 мың евро жұмсаған. Қызмет ақысы Лео Вальнердің бастамасы бойынша Raiffeisenbank-інде 2001- жылы ашылған Австрияның Ұлттық олимпиада комитетінің құпия шоты арқылы төленген".

Ресми Минск бұл сұрақ бойынша ресми түсініктеме беруден бас тартуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны