08.07.2015, 09:51 3413

"Автобус" жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуініӊ қорытындысы бойынша

Қарағанды қаласында "Автобус" атты жедел алдын алу іс шарасы кезінде жол-патрулдік полиция қызметкерлері 605 жол ережесін бұзушылықты анықтады

Қарағанды. 08 Шілде. Kazakhstan Today - Қарағанды қаласында "Автобус" атты жедел алдын алу іс шарасы кезінде жол-патрулдік полиция қызметкерлері 605 жол ережесін бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қарағанды қаласы аумағында өткен "Автобус" жедел алдын алу іс шарасы 30 маусым және 2 шілде аралығында ұйымдастырылды. Жол-патрулдік полиция қызметкерлеріне қосымша күш ретінде учаскелік полиция инспекторлары да жұмылдырылып, кеӊ ауқымды жұмыстар жүргізілді. Учаскелік полиция инспекторлары азаматтық нысанда киініп қоғамдық көлікке мініп, көлік жүргізушілердіӊ жол ережесін өрескел бұзған сәттерін анықтады.

Іс-шара кезінде қоғамдық көлік жүргізушілер тарапынан 66 рет жол ережесін бұзушылық анықталып әкімшілік жазаға тартылды. Атап айтсақ, ереже бұзушылардыӊ 12-сі көлікті мас күйінде жүргізгені анықталса, 156 рет жылдамдықты асыра пайдалану, 72 рет ұялы телефонмен сөйлесу, 101 тіркелген факт бойынша қауіпсіздік белдігін тақпағандығы үшін жазаға тартылды.

Жол-патрулдік полиция қызметкерлерініӊ айтуынша мұндай іс-шаралар жол қауіпсіздігін сақтауға тигізер пайдасы мол, жол көлік оқиғалары төмендеп нәтижесін көрсетуде.

Қарағанды облысыныӊ ІІД Баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны