22.06.2015, 12:34 3538

Автобустарға арналған жолақ қоғамдық көліктер арасындағы интервалды азайтуға мүмкіндік берді

Алматыда Абай даӊғылында атвобустарға арналған арнайы жолақ ашылғанына 1 апта уақыт өтті. Осы уақыт аралығында жаӊа бастаманыӊ қандай нәтиже көрсеткендігі туралы бүгін Алматы қалалық Жолаушылар көлігі басқармасыныӊ өкілдері айтып берді

Алматы. 22 Маусым. Kazakhstan Today - Алматыда Абай даӊғылында атвобустарға арналған арнайы жолақ ашылғанына 1 апта уақыт өтті. Осы уақыт аралығында жаӊа бастаманыӊ қандай нәтиже көрсеткендігі туралы бүгін Алматы қалалық Жолаушылар көлігі басқармасыныӊ өкілдері айтып берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Басқарма басшысы Талғат Ибдірахмановтыӊ айтуынша, жолаушылар тасымалы 17-19 пайызға артты, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

"Алғашқа апта "А" нүктесінен "В" нүктесіне дейін рейстердіӊ ұлғайғанын көрсетті. Егер бұрын автобустар 3-4 рет айналым жасаса, қазір 5-6 рет қатынап жүр. Автобустар арасындағы интервал 1-2 минутқа жетті. Ал автобустар бұрынғыдай бәйгеге түспейді", - деді Т.Ибдірахманов. Бүгінге дейін 100-ге жуық ереже бұзушыға қатысты хаттама толтырылды.

Оныӊ айтуынша, әкімдікте қабылданған 2012-2016 жылдарға арналған жолаушылар тасымалын дамыту бағдарламасына сәйкес 1-2 жылда Райымбек, Сейфуллин даӊғылдарында да арнайы жолақ салынады.

Арнайы жолақ қаланыӊ оӊтүстігінен Мұстафин көшесінен басталып, Жандосов, Тимирязев, Қабанбай көшелерімен шығыс бөлігіндегі "Жетісу" базарына дейін жалғаспақ. Ол жерде болашақта жаӊа автобект салынады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны