07.04.2016, 22:49 5105

Автомектепте оқымастан жеӊіл автокөлікті басқаруға жүргізуші куәлігін алуға болады

Көрсетілген жаӊашылдықтар ҚР Иділет министрлігінде нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеуден өткізіп және оны жарияланған кейін күшіне енеді

Астана. 7 сәуір. Kazakhstan Today - Жүргізуші куәлігін беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуді оӊтайландыру шеӊберінде, Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру туралы қағидаларына (ҚР ІІМ 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығы) азаматтарға автомотокөлік (мотоциклдер және жеӊіл автокөліктер) құралдарын басқару құқығын беретін жүргізуші куәлігін алу кезінде емтихан тапсыруға дербес дайындалуға мүмкіндік беретін норма енгізіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Көрсетілген жаӊашылдықтар ҚР Иділет министрлігінде нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеуден өткізіп және оны жарияланған кейін күшіне енеді, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

"Жүргізуші куәлігін алуға үміткерлер өз бетімен дайындалған жағдайда тек мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында ғана емтихан тапсыратынын атап өткен жөн. Сонымен қатар, аталған норма кәсіби жүргізушілерге таралмайды (С,D,E санаттары және тиісті санаттар). Осылайша, жекелей дайындалу құқығын жеӊіл автокөлік немесе мотоцикл басқарғысы келетін жүргізушілер пайдалана алады (А,В санаттары және тиісті санаттар)",-деп атап өтілген ҚР Ішкі істер министрлігініӊ мәліметінде.

Емтихан қабылдау рәсімі бұрынғыдай болып қала береді, теориялық және тәжірибелік екі кезеӊнен тұрады. Көлік құралына жүргізушілік куәлігін алуға үміткер 40 минут ішінде теориялық емтихан тапсырады және 32 сұраққа дұрыс жауап берген жағдайда тәжірибелік емтихан тапсыруға жіберіледі.

Тәжірибелік емтиханды тапсыру кезінде үміткер 20 минут ішінде белгілі бір маршрутпен өзара байланысты 12 сынақ жаттығуларын орындауға тиіс, бұл ретте айып балдары 100-ден аспауы керек.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны