04.01.2008, 17:35 4814

Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы автожолдарды қысқы жағдайда күтіп ұстау жөніндегі жұмыстардың барысы туралы баяндады

Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы автожолдарды қысқы жағдайда күтіп ұстау жөніндегі жұмыстардың барысы туралы баяндады

Астана. 4 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің аппараттық мәжілісінде автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Замир Сағынов автожолдарды қысқы жағдайда күтіп ұстау жөніндегі жұмыстардың барысы туралы ақпараты тыңдалды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Замир Сағыновтың айтуынша, автомобиль жолдары комитеті "Қазақавтожол" РМК-ның облыстық бөлімшелерімен және ЖПУ-мен бірігіп оперативтік штабтар құрды. Гидрометеоқызмет органдарымен келісімге қол қойылды". Сонымен бірге, "жолдардағы өту барысына тәулік бойы бақылау орнатылды. "Қазақавтожол" РМК-ның облыстық бөлімшелерінің операторлары мен облыс және аудан орталықтарындағы автовокзалдардың диспетчерлік қызметі арасында тәулік бойы байланыс орнады".

Оның айтуынша, "қыс мезгілі қарсаңында 153 өндірістік база дайындалды. 74 қазандық, 99 жылыту пеші, 127 жылыту пункттері, автомобильдерге арналған 212 гараждар мен тұрақтар, тайғақтыққа қарсы материалдарды сақтау үшін 71 қойма және автожолдарда орналасқан 28 құм сақтау базалары әзірленді".

"Қысқы уақытта автомобиль жолдарын күтіп ұстау жұмыстарын атқару үшін 928 жол техникасы бар. Олардың 828-і жұмыс жағдайында",- деді Замир Сағынов.

2007 жылдың 20 қарашасынан 2008 жылдың 3 қаңтарына дейін республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында 28 рет қозғалыс шектелді. Қозғалыс шектеудің негізгі себептері - боран, күшті жел, төмен температура, шектеулі көрінім.

"Алматы облысында қарлы боранның кесірінен 2007 жылғы 30 желтоқсаннан 2008 жылғы 3 қаңтарға дейін "Үшарал - Достық" автомобиль жолының 83-140 км учаскесінде қозғалыс көліктің барлық түріне жабылды".

"Қазіргі уақытта автокөлік құралдары колоннамен қозғалып, қарда батып қалған машиналар да эвакуциялануда. Жолды қардан тазарту жұмыстары жалғастырылуда",- деді ол.

"2008 жылғы қаңтардың 4-нен 6-на дейін еліміздің солтүстік аймақтарында, сондай-ақ, Астана және Павлодар қалаларында ауа температурасы 38 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Осыған орай, автожолдарда көліктердің жүрісіне түнгі уақытта тыйым салынады",- деді комитет төрағасы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны