04.07.2018, 14:30 2021

Автомобильді үйден шықпай, "электрондық үкімет" порталы арқылы тіркеу мүмкіндігі пайда болды

Сондай-ақ, көрсетілетін қызметті алушыға ыӊғайлы болу үшін дайын нөмір белгілерін және көлік құралына тіркеу құжаттарын алу не оларды "Қазпошта" АҚ курьері арқылы жеткізу үшін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығын таӊдау бойынша қызмет көзделген.

Астана. 4 шілде. Kazakhstan Today -Автомобильді үйден шықпай, "электрондық үкімет" порталы арқылы тіркеу мүмкіндігі пайда болды.

Жол жүрісі қауіпсіздігі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында ІІМ "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ-мен бірлесіп, көлік құралын тіркеу, оны сатып алу бойынша мәміле жасау, айыппұлдар мен шектеулерді тексеру, мемлекеттік баждар мен алымдарды төлеу, сондай-ақ жоғары сұранысқа ие немесе мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында қолда бар мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін "электрондық үкімет" порталы арқылы таӊдау және брондау мүмкіндігін іске асырды.

Сондай-ақ, көрсетілетін қызметті алушыға ыӊғайлы болу үшін дайын нөмір белгілерін және көлік құралына тіркеу құжаттарын алу не оларды "Қазпошта" АҚ курьері арқылы жеткізу үшін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығын таӊдау бойынша қызмет көзделген.

Қазақстан Республикасы ІІМ

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны