12.09.2007, 16:15 2911

Авторлардың пайымдауынша, жер қойнауын пайдалану жөніндегі заңға енгізілетін өзгерістер Қазақстандағы инвестициялық ахуалға нұқсан келтірмейді

Авторлардың пайымдауынша, жер қойнауын пайдалану жөніндегі заңға енгізілетін өзгерістер Қазақстандағы инвестициялық ахуалға нұқсан келтірмейді .

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 12 қыркүйек. АСТАНА. "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану жөніндегі" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі" заңды қабылдау Қазақстандағы инвестициялық ахуалға нұқсан келтірмейді, деп пайымдайды түзету авторлары.

"Бұл Қазақстандағы инвестициялық ахуалға кері әсер етпейді дегенге сенімім зор, өйткені, депутаттардың ұсынысында ешбір сөкеттік жоқ", -деп мәлімдеді журналистерге берген сұхбатында заң жобасы авторларының бірі - мәжілістің экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитетінің төрағасы Ерлан Нығматулин. "Біздің талабымыз бен қалауымыз біреу-ақ: еліміздің аумағында жұмыс істейтін шетелдік инвесторлардың еліміздің заңдарына бағынуы", - деді депутат.

Заңға түзетулер енгізу арқылы жоба авторлары инвесторлардың мұнай кеніштеріндегі жұмыс кезіндегі жауапкершілігін күшейту мүмкіндігіне қол жеткізбекші. Депутаттың айтуынша "заң жобасындағы бір жаңалық сол", оған "егер шетелдік инвестордың еліміздің аумағындағы іс-қызметі мемлекетіміздің ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндірген" жағдайда мемлекетке келісім-шартын бұзуға құқық беретін норма енгізілген.

Е. Нығматулиннің атап көрсетуінше, егер елімізде бұрын осындай заң болғанда, Қашаған жобасы бойынша оператор болып табылатын Италияның ENI компаниясына қатысты туындағандай ахуалға елімізде жол берілмес еді.

Жаңа заң жобасындағы үкіметтің келісім-шарттарын бұза алу құқығы жөніндегі норма бұған дейін қол қойылған келісім-шарттарына қатысты бола ма деген журналистер сауалына ол : "жобада бұл қарастырылған", деп жауап қатты. "Оған себеп, қазіргі таңда еліміздегі кейбір шетелдік инвесторлардың осы бағыттағы іс-әрекеті біздің алаңдаушылығымызды тудырады, бұл біздің ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіретіндей жағдайға алып келуі ықтимал", - деп түсіндірді.

"Біз дұрыс жолға түстік дегенге сенімдіміз және бүгін жұмысқа қабылданған осынау заң жобасына қатысты әріптестеріміз өз пікірлерін білдіретіні сөзсіз, бірақ заң жобасын жасаушы авторлар- біздер осындай заң жобасы елімізге қажет деп санаймыз", - деді Е. Нығматулин.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны