17.05.2019, 19:20 11323

Қайырбек Сүлейменовтің 70 жасқа толуына арнаған салтанатты жиын өткізілді

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев өзінің құттықтау сөзінде бірқатар жауапты қызмет атқарған Қайырбек Шошанұлының елімізде заңдылық пен құқықтық қамтамасыз ету ісіне қосқан үлесінің зор екенін атап өтті.

Нұр-Сұлтан. 17 мамыр. Kazakhstan Today - Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаевтың қатысуымен Ішкі істер министрлігінің құрметті ардагері және еңбек сіңірген қызметкері, полиция генерал-полковнигі Қайырбек Шошанұлы Сүлейменовтің 70 жасқа толуына арнаған салтанатты жиын өткізілді.

Құқық қорғау саласында 40 жылдан астам қызмет еткен бұл тұлға бүгінде ар-намыстың, ерлік пен адалдықтың символы іспетті.

ІІМ-нің клубында ұйымдастырылған салтанатты жиын барысында ішкі істер органдарының ардагерлері, қызметтес болған әріптестері, тәлім-тәрбиесін алған шәкірттері ғибратты ғұмыр иесіне арнаған жүрекжарды тілектерін ортаға салды.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев өзінің құттықтау сөзінде бірқатар жауапты қызмет атқарған Қайырбек Шошанұлының елімізде заңдылық пен құқықтық қамтамасыз ету ісіне қосқан үлесінің зор екенін атап өтті.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев құқық қорғау органдарына 40 жылдан астам қызмет еткен Қайырбек Шошанұлының құрметті демалыста болса да еліміздің қоғамдық өміріне белсене атсалысып келе жатқанын айтты. "Сіз өзіңізді кәсіби шебер және тәжірибелі басшы ретінде көрсеттіңіз. Сіз қызметтік борышын қалтқысыз орындаудың және Антқа адалдықтың үлгісі болып табылатын бірнеше толқын полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілерін тәрбиеледіңіз. Сізге "генерал-полковник" жоғары атағы лайықты берілді",- дей келе Ерлан Тұрғымбаев мерейтой иесіне мықты денсаулық, отбасылық бақ-береке және қажымас қайрат тіледі.

Салтанатты іс-шара барысында ІІМ басшы ғибратты ғұмыр иесіне "Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін" ведомстволық медалін және естелік сыйлықтар тапсырды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны