31.05.2019, 13:55 11565

Қазақстан армиясының әскери қызметшілері жалғыз басты егде адамдарға қолұшын созды

Гарнизонның әскери қызметшілері егде жастағы және қариялар интернат үйін шефтілікке алды. Олар бірнеше жыл бойы интернат үйіне барынша жәрдем және қолдау көрсетуде. Мұнда 120-ға жуық адам тұрады.

Нұр-Сұлтан. 31 мамыр. Kazakhstan Today - Атырау гарнизонының әскери қызметшілері өздерінің жауынгерлік даярлықтарын арттырып қана қоймай, сонымен бірге, қамқорлыққа мұқтаж жандарға уақыт бөлуге үлгереді.

Гарнизонның әскери қызметшілері егде жастағы және қариялар интернат үйін шефтілікке алды. Олар бірнеше жыл бойы интернат үйіне барынша жәрдем және қолдау көрсетуде. Мұнда 120-ға жуық адам тұрады.

"Жігіттер үнемі бізге келіп, шаруашылық бойынша көмек көрсетеді, қызметтері туралы оқиғаларымен бөліседі. Кездесулер мен концерттер өткізеді. Жігіттердің Отанына қызмет етіп, бізді де әсте ұмытпайтындары қуантарлық жәйт", - деді ҰОС ардагері Н. Славов.

Мосқал жастағы адамдарға қамқорлық көрсету маңыздылығын түсіне отырып, еліміздің Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері ұдайы негізде әртүрлі қайырымдылық іс-шараларды ұйымдастыруға тырысады, балалар үйі мен жалпы білім беру мекемелеріне, қарттар үйіне, сондай-ақ ҰОС-тың ардагерлеріне шефтік көмек көрсетеді, деп хабарлайды "Батыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны