Система Orphus

Қазақстан футболында жаңа жұлдыздар жанды

16.05.2019, 16:48 7075

Нұр-Сұлтан қ. "Астана-Арена" стадионында мектеп оқушылары арасындағы бұқаралық футболдан "Coca-Cola Былғары Доп" республикалық турнирінің финалы өтті. Оқу жылының ішінде еліміздің мектептерінде ауылдар, қалалар, облыстар деңгейінде іріктеу ойындары өткізілді. Енді жас футболшылардың 17 мықты командасы астанада кездесті.

"Турнир финалында Қостанай және Жамбыл облыстарынан келген командалар кездесті. Ойын 0:0 есебімен тең ойынмен аяқталды. Жеңімпазды пенальти анықтады. "Coca-Cola Былғары Доп" кубогы биыл Таразға бұйырды. Көптеген отандық әйгілі футболшылар кезінде "Coca-Cola Былғары Доп" турнирінен бастаған. Бүгінгі қатысушыларды премьер лиганың үздік командалары құрамынан көреміз деп ойлаймын. Балалар турнирдің өткізілу деңгейіне риза. Бүгін олар ұлттық құрамалар ойнайтын және халықаралық ойындар өтетін "Астана Арена" стадионында өнер көрсетті. Әрине, бұл жаттығу жұмысын қарқындатуға шабыттандырады", - деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі Сейілда Байшақов.

Coca-Cola компаниясы Қазақстанда ҚР Футбол Федерациясымен және ҚР ҒБМ жанындағы Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығымен бірлесіп бұл турнирді 13 жыл бойы өткізуде. Турнир тарихында оған 1 200 000 астам қазақстандық оқушы қатысты. Турнир отандық спорттың Бауыржан Исламхан, Рауан Сариев, Сергей Хижниченко, Серікжан Мүжіков, Алексей Щеткин және басқалар тәрізді жұлдыздарын өсірді.

"Coca-Cola Былғары Доп" турнирі ұйымдастырушылар ретінде біз үшін ерекше. Біз футбол мерекесі атмосферасын тудыруға тырысамыз. Жыл сайын финал ойындары кезеңінде жас футболшылар үшін "Coca-Cola Былғары Доп Camp" арнайы лагерін ұйымдастырамыз. Белгілі футболшылармен кездесулер өткіземіз, астанамыздың көрнекі жерлерін көрсетеміз", - деп әңгімеледі CCI Kazakhstan компаниясының корпоративтік және реттеуші қатынастары жөніндегі директоры Алима Исембаева.

Турнирдің үздік бомбардирі Алматылық Бағдат Оразалиев атанды. Ол 12 гол салды. Үздік қақпашы - Жамбыл облысының тумасы Нұрдәулет Қожамұратов. Ең мықты қорғаушы болып Нұржан Жомартов, ал үздік жартылай қорғаушы болып Қостанайлық Арназ Казымбеков танылды. Үздік шабуылшы Алматы облысынан келген Ерхан Кәрімов болды. Жамбыл облысының тумасы Әлисұлтан Миллязов турнирдің үздік ойыншысы атанды.

"Ұйымдастырушыларға осындай мүмкіндік үшін алғыс айтамыз. Біз бүкіл елімізден келген үздік ойыншыларды көрдік. Жеңіс оңай келген жоқ. Қарсыластарымыз өте мықты болды. Бірақ, бүгін жеңіске әрқашан жетуге болатынына көз жеткіздік. Мақсатыңа ұмтылу қажет. Мұндай турнирлер болашағын футболмен байланыстырғысы келетін, біздер сияқты балалар үшін жақсы трамплин. "Coca-Cola Былғары Доп" турнирі арманыма апарар жол", - деп бөлісті Әлисұлтан Миллязов.

Турнир "Бұқаралық футболды дамыту жөніндегі ең маңызды жыл оқиғасы" (2006 ж.) және "Жылдың үздік демеушілік жобасы" (2012 ж.) ретінде УЕФА дипломдарымен екі мәрте марапатталды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны