13.07.2026, 16:39 44001
Қазақстан мен Жапония арасында тікелей әуе қатынасын ашу мәселесі қарастырылып жатыр.
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Қазақстан мен Жапония арасында тікелей әуе қатынасы ашылуы мүмкін. Бұл туралы Астанада Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева Жапония делегациясының өкілдерімен кездесу барысында белгілі болды.
"Тараптар азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады. Қазіргі уақытта Қазақстан мен Жапония арасында тікелей әуе қатынасын ашу мәселесі пысықталуда. Бұл бастама екі ел арасындағы туризмді, сауда-саттықты, инвестицияларды және іскерлік байланыстарды дамытуға маңызды серпін береді",- деп айтылған хабарламада.
Сонымен қатар, кездесу барысында визалық режимге және тікелей рейстерді іске қосуға қажетті ұйымдастырушылық мәселелерге қатысты мәселелер қарастырылды.
Бұған дейін Астана мен Иран арасында тікелей әуе рейстері ашылуы мүмкін екендігін хабарлаған болатынбыз.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
15.08.2026, 16:36 1351
Атырау облысында лотос фестивалі ашылды
Сурет: Gov.kz
Достарға айту
Құрманғазы ауданына қарасты Теңіз ауылында "LOTUS FEST-2026" мәдени-туристік фестивалінің салтанатты ашылу рәсімі өтті,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Фестиваль лотос алқабының табиғи ерекшелігін танытып, өңірдің мәдени және туристік әлеуетін кеңінен насихаттауға бағытталды.
Бұл іс-шара - лотос алқабының табиғи сұлулығын көпшілікке танытып қана қоймай, өңірдің туристік әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Әсіресе, осындай ерекше табиғи нысандарды туристік бағытқа айналдырып, Атырауға келетін қонақтар санын көбейтуге жол ашады,- деді аудан әкімі.
Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасты. Көрермендер алдында "Sarmad" этно-фольклорлық ансамблі, "Жайық қызы" халықтық би ансамблі өнер көрсетіп, эстрада жұлдызы Қуандық Рахым ән шырқады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.08.2026, 13:46 2636
Қазақстан полициясы тұрғындарға "тәуекелсіз инвестиция" деген желеумен алаяқтардың құрығына түсіп қалмауды ескертеді
Сурет: ЖИ
Достарға айту
Қазақстан полициясы әлеуметтік желілер, мессенджерлер мен интернет-платформалар арқылы өзін брокер немесе қаржы сарапшысы ретінде таныстырып, инвестициядан пайда табуды ұсынатын алаяқтардың әрекеті туралы ескерту жасады.
Қаскөйлер жоғары табыс, "кепілді пайда" және "тәуекелсіз инвестиция" уәде етеді. Алдымен адамға аз мөлшерде қаражат салуды ұсынады. Кейін жалған сайтта немесе қосымшада оның капиталы өсіп жатқандай көрсетеді.
Осыдан кейін алаяқтар жәбірленушіні "инвестиция көлемін ұлғайту", "комиссия төлеу" немесе "шотты бұғаттан шығару" деген сылтаулармен қайта-қайта ақша аударуға көндіреді.
Адам ақшасын шығарып алуға әрекеттенген кезде сайт жұмысын тоқтатады, аккаунт бұғатталады, ал "кеңесші" байланысқа шықпай қояды.
"100 пайыз кепілдік беріп, жоғары табыс уәде ететіндерге сенбеңіздер. Бірнеше күннің ішінде ақшаңызды бірнеше есе көбейтуді ұсынатындардан сақ болыңыздар", - деп ескертті полиция.
Азаматтарға бейтаныс адамдардың нұсқауымен ақша аудармау, банк картасының деректерін, CVV-код пен SMS-кодтарды ешкімге бермеу ұсынылды. Сондай-ақ, күмәнді сілтемелерге өтпеу және белгісіз қосымшаларды орнатпау қажет.
Полиция әңгімелесуші шешім қабылдауға асықтырып, ақшаны дереу салуды талап етсе, сақ болуға кеңес береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.08.2026, 19:16 10796
Алматыдағы Канье Уэстің концерті блэкаутқа қарамастан өтеді
Достарға айту
Алматыдағы Канье Уэстің концерті қалада электр энергиясының жаппай өшуіне қарамастан, кестеге сәйкес өтеді, деп хабарлайды First Media Group маркетингтік холдингі.
"Концерт кестеге сәйкес өтеді, әртіс сахнаға сағат 21:00-де шығады. Қазірден бастап жолға шығуды және жолға кететін уақытты, жолдағы кептелістерді, стадионға кірердегі тексеру мен алаңға кіру рәсімдерінің алатын уақытын алдын ала ескеруді сұраймыз. Барлығы штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Стадионда күтеміз!" - деп мәлімдеді баспасөз қызметінен.
Сонымен қатар, "Алатау Жарық Компаниясы" Алматыдағы Канье Уэстің концерті кезінде электр энергиясы болатынына қатысты нақты жауап бере алмады.
"Нақты жауап бере алмаймыз, өйткені электр энергиясы әлі толық берілген жоқ", - деп хабарлады компания өкілі.
Сонымен қатар, АЖК-де алдағы іс-шараның техникалық параметрлері мен энергия тұтыну көлемі туралы ақпарат жоқ екенін де атап өтті.
"Алатау Жарық Компаниясы" АҚ-да Канье Уэстің қатысуымен өтетін концерттің техникалық параметрлері мен энергия тұтыну көлемі туралы ақпарат жоқ. Осыған байланысты оның энергия шығынын және қаланы электрмен жабдықтауға ықтимал әсерін бағалау мүмкін емес", - деп хабарлады АЖК.
Kazakhstan Today дереккөздерінің мәліметінше, концерт өтетін алаңда электрмен жабдықтауда іркіліс болған жағдайда пайдаланылатын генераторлар қарастырылған.
Бұған дейін Алматыда электр энергиясы жаппай өшкен болатын. Соның салдарынан метро жұмысы уақытша тоқтатылып, жекелеген аудандарда сумен жабдықтауда да қиындықтар туындап, бағдаршамдар жұмыс істемей қалған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.08.2026, 14:44 11991
Ақтөбедегі триатлон саябағында жүзден астам ағаш заңсыз кесілген: қылмыстық іс қозғалды
Достарға айту
Ақтөбеде триатлон саябағы аумағында 100-ден астам ағаш заңсыз кесілгеннен кейін қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды «31 арна».
Белгілі болғандай, жекеменшік компания өкілдері өздеріне тиесілі учаскеде ағаштарды кескен. Алайда олар учаске шекарасынан шығып, қалалық қорға тиесілі шамамен 3 мың шаршы метр аумақтағы ағаштарды да кесіп қойған.
Ағаштардың кесіліп жатқанына алғаш болып экобелсенділер мен жергілікті тұрғындар назар аударды.
«Қаламызда ағаштарды кесу мүлдем дұрыс емес деп есептеймін. Әсіресе мұнда, триатлон саябағында бұлай жасауға болмайды. Бұл — оттегіге бай жалғыз орын және мұнда бәрі адамдар үшін жасалған», — деді Ақтөбе тұрғыны Динара Құрғанбаева.
Жағдайға жергілікті билік, табиғат қорғау прокуратурасы және полиция араласып, ҚР Қылмыстық кодексінің «Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Еске сала кетейік, Бұтақты шатқалында Алматы тау кластері жобасын іске асыруға байланысты жұмыстар аясында 125 ағашты кесу жоспарланып отыр.
Маусым айында Көкжайлау шатқалына апаратын бағыт бойындағы ағаштарға таңба салынғаны туралы ақпарат қоғамда кең резонанс тудырды. Сол кезде тұрғындар таңбаланған ағаштардың көпшілігі сау көрінетінін және олардың қураған белгілері жоқ екенін айтқан болатын.
Кейінірек «Іле-Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Көкжайлаудағы болашақ туристік курортқа апаратын ұзындығы 6,02 шақырым автомобиль жолын салу үшін 2627 ағашты кесу жоспарланып отырғанын растады.
Шілде айында Көкжайлау аумағында құрылыс жұмыстары басталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.08.2026, 13:32 13486
Канье Уэст Қазақстанда алғаш рет өнер көрсетеді: Алматыдағы концерт туралы не білу керек
Сурет: ЖИ
Достарға айту
Бүгін Алматының Орталық стадионында америкалық рэпер Канье Уэстің концерті өтеді. Бұл - әртістің Қазақстандағы алғашқы өнер көрсетуі, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
Концертке байланысты қала орталығында көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Жолдар сағат 16:00-ден түн ортасына дейін жабылады деп күтілуде.
Нақтырақ айтсақ, Абай даңғылы мен Сәтбаев көшесінің Байзақов көшесінен Сейфуллин даңғылына дейінгі бөлігінде, сондай-ақ Байтұрсынов көшесінің Шевченко көшесінен Тимирязев көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы жабылады.
Қоғамдық көліктің жұмысы да өзгереді. Яғни, 26 автобус және алты троллейбус бағыты уақытша сызбалар бойынша қатынайды. Билік жолаушыларға қала орталығы арқылы өтетін жолдарын алдын ала жоспарлап, жол жүру уақытының ұзаруы мүмкін екенін ескеруді ұсынады.
Концерт аяқталғаннан кейін көрермендердің үйлеріне қолайлы жетулері үшін қалалық көлік өз жұмысын жалғастырады. Метроның жұмыс уақыты да ұзартылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.08.2026, 13:30 13066
Астанада қала аудандардың шекарасы түзетіліп, жеті жаңа автобус бағыты іске қосылады
Достарға айту
Астанада бірнеше ауданның шекарасын нақтылап, жеті қосымша автобус бағытын іске қосу жоспарланып отыр. Бұл туралы 14 тамызда елордалық мәслихаттың отырысында хабарланды.
Астананың Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Алтынбек Ахметовтің мәлімдеуінше, өзен арнасы арқылы өткен шекаралардың жекелеген бөліктеріне түзету енгізілді.
Шекаралар нақтыланғаннан кейін аудандардың аумағы мынадай болады:
Алматы ауданы - 8 518 гектардан 8 412 гектарға дейін, яғни 106 гектарға қысқарады;
Есіл ауданы - 20 431 гектардан 20 518 гектарға дейін, яғни 87 гектарға ұлғаяды;
Сарыарқа ауданы - 6 775 гектардан 7 144 гектарға дейін, яғни 369 гектарға ұлғаяды;
Нұра ауданы - 18 927 гектардан 18 516 гектарға дейін, яғни 411 гектарға қысқарады;
Байқоңыр ауданы - 18 129 гектардан 18 190 гектарға дейін, яғни 61 гектарға ұлғаяды.
Бұл өзгерістер жер кадастрындағы мәліметтерді жаңарту және аудандардың ресми шекараларын нақты шекаралармен сәйкестендіру үшін қажет.
Отырыста қоғамдық көлікті дамыту мәселесі де талқыланды. Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының басшысы Асхат Қарағойшин тұрғындардың өтініші бойынша жеті қосымша бағытты іске қосу ұсынылғанын хабарлады:
№67 - Пригородный тұрғын алабы - "Ырыскелді қажы" мешіті;
№74 - Ұлы Дала даңғылы - Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы;
№76 - "Алай" базары - Железнодорожный тұрғын алабы;
№83 - Өндіріс тұрғын алабы - теміржол вокзалы;
№506 - Жансүгіров көшесі - Family Village коттедж қалашығы;
№507 - Нұрлы жол теміржол вокзалы - "Жағалау-4" тұрғын үй кешені;
№508 - Нұрлы жол теміржол вокзалы - Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы.
Қарағойшиннің айтуынша, жаңа бағыттар сұранысқа ие болады. Оларды тәулігіне 30 мыңға дейін жолаушы пайдаланады деп күтілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.08.2026, 12:40 13311
Үй жануарларынан бас тарту оларды асырау міндетінен босатпайды
Достарға айту
Қазақстанда үй жануарларын ұстау қағидалары өзгертіледі. Иелері үй жануарынан жай ғана бас тартып, оны асырау жөніндегі міндеттерінен бірден босатыла алмайды. Үй жануарларын ұстау және серуендетудің үлгілік қағидаларына өзгертулер енгізілді.
Егер иесі бұдан былай үй жануарын асырай алмаса, оны одан әрі орналастыруға қамқорлық жасауға тиіс. Жануарды панажайға, уақытша ұстау пунктіне немесе оған қажетті жағдай жасай алатын басқа адамға не ұйымға беруіне болады.
Нақтырақ айтсақ, жануар уақытша ұстау пунктіне берілген жағдайда иесінің міндеттері сақталып қалады. Ол үй жануарының құқықтық тағдыры анықталғанға дейін оны асырауды қамтамасыз етуге тиіс.
Сондай-ақ, өзгеріс енгізілген қағидаларда жануардан бас тарту оның иесінің немесе жауапты тұлғаның міндеттерін тоқтатпайтыны жеке бекітілген. Бұл міндеттер үй жануары жаңа иесіне немесе панажайға берілгенге дейін, не уақытша ұстау пунктінде оның құқықтық тағдыры анықталғанға дейін сақталады.
Осылайша, енді жануарды уақытша ұстау пунктіне жай ғана қалдырып, ол үшін жауапкершіліктен босау мүмкін болмайды.
Тиісті өзгерістер 2022 жылдың 20 мамырындағы үй жануарларын ұстау және серуендетудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы бұйрыққа енгізілді.
Бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.08.2026, 15:41 18091
Caspian Sea Action Week Маңғыстауда сегіз елдің волонтерлерінің басын қосты
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Маңғыстау облысында "Caspian Sea Action Week - 2026" халықаралық волонтерлер апталығы аяқталды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінен.
Жабылу рәсіміне сегіз елдің, яғни Қазақстан, Әзербайжан, Ресей, Иран, Түрікменстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстанның өкілдері, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың өкілдері, халықаралық сарапшылар, экологтер, волонтерлер мен жастар көшбасшылары қатысты.
Апталық аясында "Бір Каспий - бір болашақ" сараптамалық сессиясы, "Caspian Clean Challenge" халықаралық экологиялық марафоны, "Достық аллеясының" ашылу рәсімі, сондай-ақ экологиялық, мәдени-ағартушылық және жастарға арналған бірқатар іс-шара өтті.
Апталықтың басты оқиғаларының бірі - халықаралық "Caspian Hackathon" байқауы болды. Оған қатысушылар экология және орнықты даму салаларындағы жобаларын ұсынды. Жабылу рәсімінде байқау жеңімпаздары жарияланып, үздік шешімдердің авторлары марапатталды.
Сонымен қатар іс-шара барысында волонтерлердің "Volunteers of the World" халықаралық гимні алғаш рет таныстырылды.
Естеріңізге сала кетсек, 7 тамызда Ақтау қаласында Каспий экожүйесін сақтауға арналған халықаралық іс-қимыл апталығы басталған болатын. Іс-шара Каспий теңізінің экожүйесін сақтау және экологиялық ынтымақтастықты дамыту жолында волонтерлер мен халықаралық ұйымдардың күш-жігерін біріктіреді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
INTERNET TELEVISION
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
15.08.2026, 10:22Тоқаев Үндістанның премьер-министрі Нарендра Модиді елдің Тәуелсіздік күнімен құттықтады 15.08.2026, 10:38 7611Қазақстан Үндістанмен стратегиялық серіктестікті кеңейтуге ниетті - Көшербаев15.08.2026, 11:20 7421Тоқаев Конгоны Қазақстанның Африкадағы маңызды серіктесі деп атады15.08.2026, 11:36 5276Тоқаев: Қазақстан Лихтенштейнмен көпжылдық қатынастарды жоғары бағалайды15.08.2026, 14:15 3151Үш жыл жүргізілген келіссөз: Қазақстан Оңтүстік Кореяның жұмыспен қамту жүйесіне енгізілді
08.08.2026, 11:23 59471Қазақстан мен Грекия КҚК арқылы мұнай жеткізу қауіпсіздігін талқылады08.08.2026, 09:56 52546Қазақстан көршілес елдермен Сырдария мен Әмудария суын пайдалану мәселесін талқылады08.08.2026, 11:30 49766Қазақстан 10 елмен экономикалық ынтымақтастықты күшейтуге ниетті08.08.2026, 21:45 45446Астана мен Афина энергетика мәселелерін талқылады09.08.2026, 14:34 43056Ермек Көшербаев Қазақстан мен Сингапур елдері арасындағы қатынастардың нығая түскенін атап өтті
24.07.2026, 17:33 105851АҚШ Қазақстаннан әкелінетін жекелеген тауарларға 12,5% мөлшерінде баж салығын енгізді24.07.2026, 13:01 99561Ресейдегі қоймаларға жасалған шабуылдардан кейін Қазақстандық Wildberries селлерлері үлкен шығынға ұшырағандарын мәлімдеді23.07.2026, 17:20 98141Маңғыстау облысы Қазақстан мен Өзбекстанның Өңір басшылары кеңесін қабылдауға дайындалуда17.07.2026, 23:10 97281Қазақстан БҰҰ алаңында волонтерлікті дамытудың үздік тәжірибелерін таныстырды17.07.2026, 14:41 95156ЖИ дамыту әскери бәсекеге емес, бейбітшілік қағидаттарына негізделуі қажет - Тоқаев

