15.08.2026, 13:46 45001
Қазақстан полициясы тұрғындарға "тәуекелсіз инвестиция" деген желеумен алаяқтардың құрығына түсіп қалмауды ескертеді
Сурет: ЖИ
Достарға айту
Қазақстан полициясы әлеуметтік желілер, мессенджерлер мен интернет-платформалар арқылы өзін брокер немесе қаржы сарапшысы ретінде таныстырып, инвестициядан пайда табуды ұсынатын алаяқтардың әрекеті туралы ескерту жасады.
Қаскөйлер жоғары табыс, "кепілді пайда" және "тәуекелсіз инвестиция" уәде етеді. Алдымен адамға аз мөлшерде қаражат салуды ұсынады. Кейін жалған сайтта немесе қосымшада оның капиталы өсіп жатқандай көрсетеді.
Осыдан кейін алаяқтар жәбірленушіні "инвестиция көлемін ұлғайту", "комиссия төлеу" немесе "шотты бұғаттан шығару" деген сылтаулармен қайта-қайта ақша аударуға көндіреді.
Адам ақшасын шығарып алуға әрекеттенген кезде сайт жұмысын тоқтатады, аккаунт бұғатталады, ал "кеңесші" байланысқа шықпай қояды.
"100 пайыз кепілдік беріп, жоғары табыс уәде ететіндерге сенбеңіздер. Бірнеше күннің ішінде ақшаңызды бірнеше есе көбейтуді ұсынатындардан сақ болыңыздар", - деп ескертті полиция.
Азаматтарға бейтаныс адамдардың нұсқауымен ақша аудармау, банк картасының деректерін, CVV-код пен SMS-кодтарды ешкімге бермеу ұсынылды. Сондай-ақ, күмәнді сілтемелерге өтпеу және белгісіз қосымшаларды орнатпау қажет.
Полиция әңгімелесуші шешім қабылдауға асықтырып, ақшаны дереу салуды талап етсе, сақ болуға кеңес береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
08.09.2026, 16:07 1581
Көк пе, қара ма: Оқу-ағарту министрлігі мектеп формасына қойылатын талаптарды түсіндірді
Мектеп формасын кию міндетті, бұл ретте көк және қара түстерге рұқсат етіледі
Достарға айту
Үкіметте өткен брифингте оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мектеп формасы мен оқушылардың сыртқы келбетіне қойылатын талаптарға қатысты түсініктеме берді.
Оның айтуынша, көк немесе қара түсті мектеп формасын кию міндетті. Мектептер олардың тек біреуін ғана өз бетінше белгілеуге құқылы емес.
"Жоқ, бұлай болуы мүмкін емес. Мұндай мәселе болғанын білемін. Біз нақты түсіндірме беріп, осы мәселе бойынша білім басқармаларымен жеке кеңес өткіздік. Қара түске де, көк түске де рұқсат етіледі", - деді Сүлейменова.
Сонымен қатар, министр ведомствоның мұндай талаптар үшін мектептерді жазалауды мақсат етпейтінін атап өтті.
Сүлейменова сондай-ақ Оқу-ағарту министрлігі оқушылардың шаш үлгісіне қатысты нақты талаптар белгілемейтінін түсіндірді. Бұл мәселелер мектептердің ішкі ережелерімен реттелуі мүмкін, алайда талаптар шектен тыс болмауы тиіс.
Естеріңізге сала кетсек, Оқу-ағарту министрлігі ата-аналардың мұғалімдермен чатта сөйлесу ережелерін әзірлейтіндігін хабарлаған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.09.2026, 15:26 2721
Оқу-ағарту министрлігі ата-аналардың мұғалімдермен чатта сөйлесу ережелерін әзірлеуді көздеп отыр
Ведомство ата-аналарды шұғыл емес мәселелер бойынша жұмыс уақытынан кейін мұғалімдерді мазаламауға шақырды
Достарға айту
Қазақстанның Оқу-ағарту министрлігі ата-аналардың мұғалімдермен қарым-қатынас тәртібін айқындайтын ата-аналар чаттарына арналған бірыңғай ережелерді әзірлеуге дайын, деп мәлім етті министр Жұлдыз Сүлейменова Үкіметте өткен брифинг барысында.
Жұлдыз Сүлейменова ата-аналар чаттарындағы қарым-қатынасты реттеу қажет екенін атап өтті.
"Қазір біз осы талқылаулардың барлығын жинақтап, пікірлерді қарап жатырмыз. Кейбір ата-аналардың да мұны жақсы түсініп, қолдайтынын көріп отырмыз. Ата-аналар қандай мәселелер шұғыл екенін, қандай мәселелер ата-аналар чаттарында талқыланатынын және нені талқыламауға болатынын түсінеді. Мұғалімдер қай чаттарға қатысады, қай чаттарға қатыспайды - менің пайымдауымша бұл жерде регламент қажет. Біз ата-аналар чаттарына қатысты барлық тәсілдер мен жаңашылдықтарды реттейтін бірыңғай нормаларды әзірлеуге дайынбыз. Оның уақыты келді, бұдан әрі осылай жалғаса бермейді", - деді ол.
Оның айтуынша, ережені бұзғандарға қандай да бір айыппұл санкцияларын енгізу қарастылымаған.
"Жоқ, жұмыс уақытанан кейін мұғалімдерді мазалайтын ата-аналарға айыппұл қарастырылмаған. Мұндай жоспар да жоқ", - деп қосты оқу-ағарту министрлігінің басшысы.
Журналистер бұл жұмыстың қалай ұйымдастырылуы мүмкін екенін және сағат 18.00-ден кейін педагогтерге қоңырау шалуға тыйым салу туралы сөз болып отыр ма деген сұрағына министр "Алғашқы кезеңде сағат 18.00-ден кейін мұндай чаттарда мәселелерді талқыламау және оларға жауап бермеу туралы ұсыныс болған. Қазір бізде екі ауысымда оқытатын мектептер бар, сабақтар сағат 20.00-де аяқталады, сондықтан бұл жерде мәселе басқаша бет алатынын көріп отырмыз... Мен ата-аналарды өздерін мұғалімдердің орнына қойып, олардың мойнында қандай жүктеме бар екенін және балалармен қандай жұмыс жүргізетінін түсінуге шақырдым. Сабақтан кейін ата-аналардан шұғыл әрі өте маңызды өтініштер түсуі мүмкін - мұндай жағдайда мұғалімдер міндетті түрде ата-аналарға мәселені шешуге көмектеседі. Бірақ мен қоғамдағы жаңа әдеп туралы, мұғалімдерді түрлі болмашы, ұсақ-түйек мәселелер бойынша мазаламау керектігі туралы айттым", - деп түсіндірді Жұлдыз Сүлейменова.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін министр ата-аналарға арналған бейнеүндеу жариялаған болатын.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бүгінде мектептерде 4,1 млн бала білім алады, шамамен 8 млн ата-ана және 420 мың мұғалім бар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
07.09.2026, 15:59 17146
Space Days Kazakhstan 2026 Астанада ғарыш саласының сарапшыларының басын қосты
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Астанада Nazarbayev University алаңында мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, ғарыш агенттіктерінің, ғылыми қауымдастықтың, технологиялық компаниялар мен инвесторлардың өкілдерін біріктірген Space Days Kazakhstan 2026 халықаралық форумы басталды, деп хабарлайды ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінен.
Форум ғарыш саласын дамытуға, жаңа технологиялар мен оларды іс жүзінде қолдануға арналған. Қатысушылар сондай-ақ ғарышты игеру саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылайды.
Форумның ашылуында сөз алған премьер-министрдің орынбасары - жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев деректерді, технологияларды және кадрларды Қазақстанның ғарыш саласын дамытудың үш негізгі бағыты деп атады.
"Деректер, технологиялар және адам капиталы - Қазақстанға бәсекеге қабілетті ғарыш өнімдері мен қызметтерін жасауға мүмкіндік беретін үш негізгі бағыт. Біз форумның нақты нәтижелерге, нақты келісімдерге және жаңа бірлескен жобаларға жол ашатынына сенеміз", - деді Мәдиев.
Оның айтуынша, 2030 жылға қарай тоғыз спутниктен тұратын Жерді қашықтан зондтаудың халықаралық спутниктік тобын құру жоспарланып отыр. Оның құрамына Қазақстанның алты спутнигі, сондай-ақ Моңғолия, Конго Республикасы және Нигерияның ғарыш аппараттары кіреді. Жаслан Мәдиев Қазақстанның жаңа серіктестермен ынтымақтастыққа ашық екенін және алдағы уақытта спутниктік топтаманы 14 спутникке дейін кеңейту мүмкіндігі бар екенін атап өтті.
Сонымен қатар, Қазақстан KazSat-3 спутнигін жаңа KazSat-3R ғарыш аппаратына ауыстыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл ұлттық спутниктік байланыс жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп, оны заманауи технологиялық талаптарға сай дамытуға мүмкіндік береді.
Форумның алғашқы күні қатысушылар ғарыш саласын дамытудың негізгі бағыттарына арналған панельдік сессиялар өтеді. Қатысушылар спутниктік байланыстың еліміздің цифрлық тәуелсіздігін қамтамасыз етудегі рөлін, спутниктік инфрақұрылым негізіндегі қызметтер нарығын дамыту және спутниктік деректерді су ресурстарын басқару үшін пайдалану мәселелерін талқылайды
Жекелеген сессиялар ғарыш жүйелерінде жасанды интеллектіні қолдануға, өңірлік ғарыш агенттіктерінің өзара іс-қимылына, халықаралық ғарыш туризміне және әлемдік ғарыш саласының перспективаларына арналады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
07.09.2026, 12:59 18826
Миллиондаған зерттеу мен мыңдаған науқас: отандастарымыз Сібірдегі ірі ауруханалардың біріндегі қызмет барысымен бөлісті
Сурет: баспасөз турының фотографы Денис Миллер
Достарға айту
Орталық Азия елдерінен келген журналистер Новосібірдегі ірі ауруханалардың біріне баспасөз туры аясында барды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
Іс-шара аясында отандастарымыз - Ресейдің еңбек сіңірген дәрігері, хирург Анатолий Юданов пен хирург-эндоскопист Дмитрий Полежаев жұмыстары туралы әңгімелеп берді.
"Мен Өскеменде дүниеге келдім. Әрдайым спортпен айналыстым және Қазақстанның барлық өңірін араладым. Бұл ел менің жүрегімде ерекше орын алады", - деп мәлім етті Юданов.
Дмитрий Полежаев Семейде оқып жүрген кезінде-ақ хирург болуға шешім қабылдап, эндоскопия бағытын таңдағанын айтты.
"Менің отбасым осында тұрады, сондықтан Новосібірге көшіп келдім. Қазақстандағы медицина университетінің бірінші курсынан бастап хирург болатынымды білдім. Мен таңдаған эндоскопия қарқынды дамып келе жатқан бағыт болып саналады", - дейді білікті дәрігер.
Оның айтуынша, Қазақстан тұрғындары медициналық көмек алу үшін Новосібір облыстық ауруханасына тұрақты түрде жүгінеді.
"Біздің ауруханада көптеген отандастарымыз емделеді. Сондай-ақ, мұнда тексеруден өту үшін де көп адам келеді", - деді Полежаев.
Новосібір облыстық клиникалық ауруханасы барлық медициналық қызметтерді біріктіреді. Медициналық мекеме құрамында барлық бейіндегі терапиялық, хирургиялық және педиатриялық бөлімшелер бар. 2021 жылдан бастап аурухана құрылымына облыстық перинаталдық орталық та кіреді.
Перинаталдық орталықтың жаңа туған нәрестелерге арналған реанимация бөліміне жыл сайын қарқынды терапияны қажет ететін 300-ге жуық сәби түседі.
Кішкентай пациенттердің жанында тоқылған сегізаяқ ойыншықтары жатады. Олар кіндік бауын еске салып, сәбилерге инстинктивті түрде олардан ұстап жатуға мүмкіндік береді. 2024 жылы орталықта осындай 49 бала болған.
Жыл сайын Новосібір облыстық ауруханасында 55 мыңға жуық пациент медициналық көмек алады, ал диагностикалық орталықтарда 3,8 млн-нан астам зерттеу жүргізіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
07.09.2026, 11:47 19631
Батумиде "Абай. Қара сөз" пластикалық қойылымы көрерменге жол тартты
Сурет: ҚР СІМ
Достарға айту
Түркістан музыкалық драма театры Грузияның Батуми қаласында Абай Құнанбайұлының философиялық және әдеби мұрасына арналған "Абай. Қара сөз" пластикалық қойылымын ұсынды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
Қыркүйек айының 2-3 күндері Батуми қаласының Илья Чавчавадзе атындағы Батуми мемлекеттік драма театрында өткен қойылым қала тұрғындары мен қонақтарының үлкен қызығушылығын тудырып, грузин көрермендерінің ыстық ықыласына бөленді. Ұлы қазақ ақыны және ойшылы Абайдың философиялық және әдеби мұрасына негізделген қойылымда оның адамгершілік, білім, рухани даму және жалпыадамзаттық құндылықтар туралы ой-толғамдары көрсетілді.
Сонымен қатар, гастрольдік сапар аясында келушілерді Қазақстанның мәдени мұрасымен таныстыруға арналған көрме ұйымдастырылды.
Экспозицияда қазақтың дәстүрлі киімдері мен ұлттық әшекей бұйымдары, тұрмыстық заттар мен ыдыс-аяқ, халық музыкалық аспаптары, сондай-ақ қазақстандық суретшілердің туындылары ұсынылды. Көрме қонақтарға қазақ халқының төл мәдениетімен, дәстүрлері және өнерімен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді.
Іс-шараға жергілікті билік органдарының, Грузияның қоғамдық және мәдени ортасының өкілдері, қазақ диаспорасының мүшелері, сондай-ақ Аджария тұрғындары мен қонақтары қатысты. Гастрольдік сапар Түркістан облысы әкімдігінің, Қазақстан Республикасының Грузиядағы Елшілігінің, Қазақстан Республикасының Батуми қаласындағы Құрметті консулының және Art Fest Group қолдауымен ұйымдастырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.09.2026, 18:23 27546
Қорғалжында Flamingo Fest фестивалі өтті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Ақмола облысының Қорғалжын ауылында екінші мәдени-туристік Flamingo Fest фестивалі өтті, деп хабарлайды аймақ әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Фестивальге Ақмола облысы, Астана және еліміздің басқа өңірлерінің тұрғындары келді. Қонақтар Қорғалжын өңірінің мәдениетімен және табиғатымен танысып, қызғылт қоқиқаздар мекендейтін жерлерді аралады.
Фестиваль аясында Flamingo Art көрмесі өтіп, онда Ақмола облысы суретшілерінің өңір табиғатына арналған туындылары ұсынылды. Сонымен қатар, сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылып, онда қонақтар қолөнер бұйымдарын тамашалап, жергілікті шеберлердің шығармашылығымен таныса алады.
Фестивальдің негізгі шараларының бірі - осы құстар мекендейтін жерлерге экскурсиялар. Қатысушыларға тәжірибелі гидтер мен қорық мамандары жетекшілік етеді. Сапар барысында олар жергілікті экожүйенің ерекшеліктері, қоқиқаздардың мекендейтін орындары және табиғи аумақта өзін ұстау ережелері туралы әңгімелеп берді.
Естеріңізге сала кетсек, Flamingo Fest алғаш рет Қорғалжын ауданында өткен жылы өтті. Фестиваль мәдениетті, экологиялық ағартуды және туризмді дамытуды ұштастырады. Биыл ол екінші рет ұйымдастырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.09.2026, 16:12 40796
Құрылтайдағы әйелдердің үлесі 34 пайызды құрады
Қазақстан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің бірегей платформасы арқылы жаһандық аренада бейбітшілік мәдениетін ілгерілетуде
Достарға айту
Бірінші шақырылымдағы Құрылтай құрамындағы әйелдердің үлесі 34 пайызға жетті. Бұл туралы "Бейбітшілік мәдениетін ілгерілететін әйелдер көшбасшылығы" тақырыбында өткен Бейбітшілік мәдениеті саласындағы іс-қимыл бағдарламасы жөніндегі жоғары деңгейдегі форум барысында Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Қайрат Омаров мәлімдеді, деп хабарлайды Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігі.
Сондай-ақ, ол БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 1325 "Әйелдер, бейбітшілік және қауіпсіздік" қарарын жүзеге асыру жөніндегі 2026-2028 жылдарға арналған жаңа Ұлттық іс-қимыл жоспарының бекітілген мәлім етті.
Сонымен қатар ведомствоның мәліметінше, Қазақстанның БҰҰ-ның бітімгершілік қызметіне қосқан маңызды үлесі ерекше аталып өтіліп, бұл бағытта 2018 жылдан бері 20 қазақстандық әскери қызметші әйел халықаралық миссиялардағы міндеттерін абыроймен атқарып келеді.
"2025 жылғы форумның қорытындысы бойынша қабылданған Астана бейбітшілік декларациясы БҰҰ күн тәртібіндегі өркениетаралық диалог пен қоғамдық келсімді нығайтудың маңызды құралы болып табылатыны атап көрсетілді", - деп толықтырды баспасөз қызметінен.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.09.2026, 13:32 41816
Шақырымдарға созылған кептелістер: алматылықтар қала жолдарындағы ахуалға наразылық танытуда
Достарға айту
Қала тұрғындары күндіз қала қозғалысын тұралатып тастаған жол кептелістеріне шағымдануда, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
Қаланың орталығында көлік кептелісі күшейіп, Төле би, Тимирязев көшелерін, Абай және Әл-Фараби даңғылдарын, сондай-ақ Сейфуллин - Сәтбаев және Мұқанов - Шевченко көшелерінің қиылыстарын қамтыды.
Әлеуметтік желі қолданушыларының жазуынша, Құлжа тасжолында Алматыға қарай бірнеше шақырымға созылған кептеліс те пайда болған.
Кептелісте тұрған тұрғындар жолдағы жағдайға наразылық білдіріп, видео түсіруде.
Қыркүйекте мектептерде оқу басталып, студенттер қалаға оралған кезде көлік қозғалысының қиындауы үйреншікті жағдайға айналғанына қарамастан, тұрғындар бұған көбіне дайын болмай шығады. Ал, қала билігі тарапынан алдын ала берілетін ақпарат көп жағдайда жеткіліксіз болады.
Биыл жол жөндеу мен көшелерді қайта жаңғырту жұмыстары жағдайды одан әрі қиындата түскен.
Қыркүйек айында билік қала тұрғындарына мүмкіндігінше жеке көлікпен жүруден бас тартып, қашықтан жұмыс істеуге көшуді ұсынды. Алайда бұл шара кептеліс мәселесін шеше алмады. Сонымен қатар қала тұрғындары жаппай метроға ауысып, станцияларда да ұзын-сонар кезек пайда болды.
Алматыда көлік кептелісі мәселесі ең өзекті проблемалардың бірі болып отыр.
Polisia.kz-тің өткен жылғы мәліметі бойынша, күн сайын мегаполис көшелеріне басқа өңірлерден келетін көліктерді қоса алғанда, 1,5 миллионнан астам көлік шығады. Сондай-ақ, Алматыға облыстан күн сайын көптеген көлік кіреді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
INTERNET TELEVISION
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
08.09.2026, 09:47Қазақстан мен Қытай жүргізуші куәліктерін өзара тану туралы келісімге келді 08.09.2026, 09:11 12246Маңғыстауда қысқа дайындық аясында 500 шақырымнан астам электр желісі жаңартылды08.09.2026, 10:26 11581Бектенов жаңартылған Үкіметтің міндеттерін анықтап берді08.09.2026, 10:54 10866Қазақстанның өзен-көлдері мен су қоймалары бірыңғай цифрлық жүйеге біріктірілді08.09.2026, 10:12 6911Еліміздің бес өңірінде бизнеске қолдау көрсету орталықтары өз жұмысын бастайды
03.09.2026, 17:22 82776Қалдықтарды өңдеу, төтенше жағдайлардан қорғау және жастар саясаты: жаңа министрлерге міндеттер жүктелді03.09.2026, 18:50 79546Тоқаев еліміздің СІМ жаңа басшысына негізгі міндеттерді айқындап берді04.09.2026, 20:49 70246Мадиев пен Binance негізін қалаушы Қазақстанның цифрлық экономикасын дамытуды талқылады04.09.2026, 10:08 66676Шыңғыс Әрінов Алматы облысының әкімі болып тағайындалды04.09.2026, 16:22 64496Тоқаев экология министріне қалдықтарды қайта өңдеу және ормандарды қалпына келтіру міндеттерін жүктеді
03.09.2026, 17:22 82776Қалдықтарды өңдеу, төтенше жағдайлардан қорғау және жастар саясаты: жаңа министрлерге міндеттер жүктелді03.09.2026, 18:50 79546Тоқаев еліміздің СІМ жаңа басшысына негізгі міндеттерді айқындап берді04.09.2026, 20:49 70246Мадиев пен Binance негізін қалаушы Қазақстанның цифрлық экономикасын дамытуды талқылады04.09.2026, 10:08 66676Шыңғыс Әрінов Алматы облысының әкімі болып тағайындалды04.09.2026, 16:22 64496Тоқаев экология министріне қалдықтарды қайта өңдеу және ормандарды қалпына келтіру міндеттерін жүктеді

