24.03.2020, 23:36 10874

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы: Туберкулезді жоятын уақыт келді

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы бойынша тұрғындардың туберкулезбен сырқаттанушылық деңгейі 2019 жылы 2018 жылмен салыстырғанда 4,2% -ға төмендеді, жаңадан анықталған 8436 туберкулез ауруы тіркелді (2018ж. - 8804). 100 мың тұрғынға шаққанда, сырқаттанушылық көрсеткіші 46,2-ні құрайды.

Алматы. 24 наурыз. Kazakhstan Today - "Туберкулез - үкім емес"

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Инфекциялық аурулардың алдын алу департаментінің аса қауіпті, зооноздық, трансмиссивтік инфекцияларды мониторингілеу және талдау бөлімінің басшысы Әсем Күмісбаева былай дейді: "Бүгінгі күні туберкулез үкім емес, сәтті емделетін ауру".

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы бойынша тұрғындардың туберкулезбен сырқаттанушылық деңгейі 2019 жылы 2018 жылмен салыстырғанда 4,2% -ға төмендеді, жаңадан анықталған 8436 туберкулез ауруы тіркелді (2018ж. - 8804). 100 мың тұрғынға шаққанда, сырқаттанушылық көрсеткіші 46,2-ні құрайды.

Туберкулездің басты және алғашқы симптомдары - бұл ұзақтығы екі аптадан астам уақытқа созылатын жөтел, дене қызуының 37-37,5 градусқа дейін көтерілуі. Әдетте, пациент бұл температураны сезбейді, ол ЖРВИ немесе қандай да бір басқа вирустық инфекция кезінде болатын температурадан ерекшеленеді. Сондай-ақ туберкулездің алғашқы белгілері - қалжырау, шаршау, салмақ жоғалту. Қазақстанда жыл сайын туберкулезді анықтау үшін скринингтік, оның ішінде флюорографиялық зерттеулер жүргізіледі.

Туберкулезді жұқтырудың негізгі жолдары! Өкпе туберкулезінен зардап шегетін және тыныс алу жолдарынан (жөтелу, түшкіру, дауыстап сөйлесу кезінде, айқайлағанда және т.б.) микобактерия бөлетін науқас адам басты жұқтыру көзі болған жағдайда, барлық ауру жұқтырған 90% жағдайда ауа -тамшы арқылы ауру жұғады. Тамақ арқылы да (алиментарлық жолмен) ауру жұқтыруға болады. Мұндай жағдайда ауру малдың сүті, сонымен қатар одан дайындалған ірімшік, қаймақ, простокваша инфекция көзі болады.

Туберкулезбен ауырмау үшін дұрыс және толыққанды тамақтану қажет. Күніне 3 реттен сиретпей тамақ ішу керек. Денсаулық үшін мыналар пайдалы: балғын жемістер, көкөністер, ет және жұмыртқа, сүт өнімдері. Міндетті түрде сүт, айран ішіп, сүзбе жеуге тырысу қажет. Оларда адамға қажетті А, В, С, Е витаминдері бар. Жаман әдеттерден аулақ болу керек. Темекі шегуге болмайды. Алкогольді ішімдіктер мен есірткілерді қолданбау қажет. Сарыуайымға салынбау керек.

Аурудың алғашқы белгілері байқалған кезде тұрғылықты жері бойынша медициналық көмекке жүгіну қажет. Кез келген медициналық ұйымға, кез келген медициналық орталыққа, соның ішінде пациент тіркелген емханаға қаралуға болады. Егер медицина қызметкерлері туберкулез деп күдіктенсе, олар қақырық анализін алып, оны бастапқы медициналық желіде болатын зертханаға диагностикалау үшін жібереді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы: Туберкулезді жоятын уақыт келді

Жыл сайын 24 наурызда біз Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бастамасымен Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күнін атап өтеміз, оның мақсаты адамдардың туберкулез сияқты ауру, туберкулездің ауыртпалығы және оның алдын алу және бүкіл әлемде оны емдеу бойынша күш-жігері туралы хабардар болуын арттыру болып табылады. Неге дәл 24 наурыз? Доктор Роберт Кох 1882 жылы тура сол күні туберкулез қоздырғышы - бактерияны ашуға қол жеткізді, соның арқасында осы аурудың диагностикасы мен емі табылды.

Қазіргі таңда, жүз жыл бұрынғыдай, туберкулез әлемдегі ең қауіпті жұқпалы аурудың бірі болып қала береді. Күн сайын осы алдын алуға болатын және емделетін аурудан 4 мыңнан астам адам қайтыс болады, ал 30 мыңға жуық адам онымен ауырады. Биыл Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні туберкулездің алдын алу және оны емдеу бойынша белсенді жұмысты жалғастыру керек екенін бәрімізге еске түсіретін "Әрекет ету уақыты келді", "Туберкулезді жою уақыты келді" деген ұранмен өтеді.

Қазақстан Республикасында туберкулезге қарсы күрестің жоғары ұйымдастырылған жүйесі құрылды, ол перзентханалардан, бала бақшалардан бастап осы ауру бойынша жоғары мамандандырылған институттармен аяқталатын барлық денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру қызметтерін қамтиды. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 5 қаңтардағы № 158 бұйрығына негізделген туберкулез кезінде халыққа медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты әзірленді. Сондай-ақ Туберкулезді интеграцияланған бақылау моделі әзірленіп, ойдағыдай енгізілді.

Туберкулезді анықтау, алдын алу және емдеу тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі пакетіне кіреді және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде тегін жүзеге асырылады. Туберкулезді уақытылы анықтап, емдеген кезде толығымен емделеді. Туберкулездің медициналық алдын алу негізі - бұл емханада тұрақты түрде тексеріліп-қаралу, бұл әрбір қазақстандық үшін тегін және кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакетіне кіреді:

1.БЦЖ вакцинасы - алғашқы туылған күнінен бастап;

2.7 және 14 жаста БЦЖ ревакцинациясы (вакцинация жүргізгенге дейін - организм реакциясын тексеру (Манту сынамасы);

3.флюорографиялық скрининг (жыл сайын ересектер үшін);

4.көрсеткіштер кезінде: өкпе рентгенографиясы.

Қазақстан Республикасы ДДСҰ және Халықаралық туберкулезге және өкпе ауруларына қарсы күрес одағының саясатын ұстанады. Соңғы 10 жылда өлім-жітім көрсеткіші 5,6 есеге төмендеді және 100 мың тұрғынға шаққанда 3 жағдайды құрады. Алғаш рет анықталған сезімтал туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеу тиімділігі 2019 жылы артты және 88,6% құрады, ДДСҰ стандарты кезінде - 85%, ал көптеген дәріге төзімді туберкулезбен ауыратын науқастар - 81% , ДДСҰ стандарты кезінде - 75% құрады. Мемлекет тарапынан көптеген дәріге төзімді туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеу үшін жыл сайын қосымша қаржы бөлінеді. Туберкулезді диагностикалау мен емдеудің инновациялық экспресс-әдістерін енгізу жалғасуда. Осы шаралардың барлығы жақын арада Қазақстанда туберкулез індетін жоюға белсенді ықпал ететін болады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны