05.03.2020, 23:08 6112

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі жанынан Халықаралық туризм және меймандостық университеті құрылған

"Нұрсұлтан Назарбаев" халықаралық әуежайының қызметкерлеріне арналған тренингтер циклы басталды

Алматы. 5 наурыз. Kazakhstan Today - "Нұрсұлтан Назарбаев" халықаралық әуежайының қызметкерлеріне арналған тренингтер циклы басталды.

Елбасының бастамасымен және мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 наурыздағы қаулысымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі жанынан Халықаралық туризм және меймандостық университеті құрылғаны баршаға мәлім.

Осы жылдың 4 наурызында Халықаралық туризм және меймандостық университетінің құзырет орталығы Нұр-Сұлтан қаласындағы "Нұрсұлтан Назарбаев" халықаралық әуежайының қызметкерлеріне арналған тренингтер циклын бастады.

Аталған жобаны университет Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бастамасымен жүзеге асырып отыр.

Университет қонақжайлылық сапасының стандарттарын және туристерге қызмет көрсету кезіндегі коммуникация дағдыларын бекіткен болатын. Осынау оқу бағдарламасында халықаралық стандарттармен қатар қазақ халқының салт-дәстүрі де қарастырылған.

Қонақжайлылық туралы тренингке Нұр-Сұлтан әуежайындағы кедендік бақылау, шекара қызметі, желілік полиция бөлімі, әуежайдағы қызметтер қызметкерлері, атап айтқанда 50- ге жуық шекарашы, 25 көші-қон қызметінің қызметкері, 30 кеден қызметінің қызметкері, 25 әуежай қызметкері қатысады.

Астаналық әуежай Қазақстанның басты әуе қақпасы саналады және ел астанасына келген әрбір туристі әуежай қызметінің қызметкерлері қарсы алады. Әуежайлардағы достық қарым-қатынас пен дәстүрлі қонақжайлылық келушілер санын арттыруға ғана емес, сонымен қатар шетелдіктердің Қазақстан туралы жағымды пікір қалыптастыруына ықпал етеді.

Айта кетейік, алдағы уақытта Университет гидтер мен экскурсоводтарға, сондай-ақ Қазақстанның үздік туристік орындарында мейрамхана-қонақ үй бизнесі саласындағы мамандарға арнап біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны