02.03.2020, 21:46 4386

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу шаралары

Қолда бар мәліметтер бойынша, аталған елдерде 95000-ден астам азаматтарымыз бар, оның ішінде 35 000 - Кореяда, 40 000 - Америка Құрама Шттатарында, 5100 - Біріккен Араб Әмірліктерінде, 5000 - Германияда, 3000 - Ұлыбританияда, 1800 - Италияда, 1000 - Францияда.

Алматы. 2 наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу шаралары

ҚР СІМ желісі бойынша

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Сыртқы істер министрлігі келесі жұмысты атқаруда:

1. Коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша эпидемиологиялық қауіпі жоғары елдердегі шетелдік мекемелерімізде жедел штабтар құрылды, біздің азаматтарды эвакуациялау бойынша іс-әрекеттералгоритмдері қабылданды және консультациялар беру мақсатында "жедел желілер" ашылды.

2. Бүгінгі таңда Қытайдан 480 қазақстандықтар эвакуацияланды. Қытаймен тұрақты әуерейстері, жаяу жүру бекеттері, теміржол/автомобиль жолаушы тасымалы тоқтатылды. 2020 жылғы 3 ақпаннан бастап Қытайдағы барлық шетелдік азаматтарға виза беру тоқтатылды.

3. Ағымдағы жылғы 5 наурыздан бастап Әзербайжанмен әуе рейстері қысқарады және Иран азаматтарының Қазақстанға кіруіне тыйым салынады.

4. Біздің азаматтарға эпидемиологиялық қауіпі жоғары елдерге сапар шегуден қалыс қалу ұсынылды.

Қолда бар мәліметтер бойынша, аталған елдерде 95000-ден астам азаматтарымыз бар, оның ішінде 35 000 - Кореяда, 40 000 - Америка Құрама Шттатарында, 5100 - Біріккен Араб Әмірліктерінде, 5000 - Германияда, 3000 - Ұлыбританияда, 1800 - Италияда, 1000 - Францияда. Олардың басым бөлігі студенттер, еңбек мигранттары, шетелдегі мекемелердің қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері, туристер мен бизнесмендер.

Эпидемиологиялық ахуал ушыққан жағдайда, қазақстандық азаматтарды эвакуациялау мәселесі дер кезінде қарастырылатын болады.

Бүгінгі таңда шетелдегі қазақстандық азаматтардың арасында коронавируспен ауырған жағдайлардың тіркелмеген.

Басшылықтың тапсырмасы бойынша коронавирустық инфекцияның тарауы бойынша эпидемиологиялық қаупі жоғары елдердегі ахуалға, мемлекеттердің коронавирустыңтаралуына жол бермеу бойынша шектеу шараларына мониторинг және талдау жүргізілуде.

Жасалған талдау көрсетіп отырғандай, шет елдер келесі шектеу шараларын қабылдауда:

халықаралық өткізу пункттерінде және әлеуметтік маңызы бар нысандарда санитарлық-карантиндік бақылауды күшейту;

қаупі бар елдермен визалық режимді ішінара немесе толық тоқтату, тіпті мемлекеттік шекараны жабу;

авиациялық, теміржол және автомобильдік жолаушылар қатынастарын қысқарту және мүлдем тоқтату;

уақытша эпидемиологиялық орталықтар және госпитальдар салу;

қоғамдық-бұқаралық және халықаралық іс-шараларды тоқтату.

ҚР ИИДМ желісі бойынша

Министрлік коронавирустың таралуын алдын алу бойынша көлік саласында бірқатар шаралар қабылдауда.

ӘУЕ КӨЛІГІ

Қазақстан мен Қытай арасындағы барлық тұрақты рейстер (аптасына 34 рейс) 2020 жылғы 3 ақпаннан бастап тоқтатылған.

Анықтама:

Қытайдан 3 эвакуациялық рейс (SCAT, Air Astana) орындалды (2,11 және 13 ақпанда Ухань, Бейжің қалаларынан Нұр-Сұлтан мен Алматыға. Барлығы 511 адам шығарылды).

Ведомствоаралық комиссияның шешімі бойынша

2020 жылғы 1 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан - Сеул және Алматы - Сеул бағыттары бойынша тұрақты рейстердің саны аптасына 9-дан 3-ке дейін қысқарды;

"Mahan Air" авиакомпаниясының Алматы - Тегеран бағыты бойынша рейстері а.ж. 1 наурызынан бастап тоқтатылды (аптасына 1 рейс);

ағымдағы жылдың 5 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан - Баку рейсі тоқтатылады;

Алматы - Баку рейсі 5-тен 1 рейске дейін шектелуде, Ақтау-Баку рейсі 7 рейстен 1 рейске дейін шектелуде;

Нұр-Сұлтан-Токио авиамаршруты 2-ден 1 рейске дейін шектелуде.

Аталған рейстердің тоқтатылуына байланысты, билеттері бар жолаушылар ағымдағы жылдың 1 наурыздан бастап жоғарыда көрсетілген рейстерге билет алған орны бойынша айыппұл санкцияларынсыз және толық көлемде қайтара алады.

АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ

Жолаушылар тасымалы

Ағымдағы жылдың 27 қаңтарынан бастап Қытай Халық Республикасымен барлық 13 тұрақты автобус бағыты тоқтатылды.

Жүк тасымалдау

Қазақстан-Қытай шекарасындағы 6 көлік өткізу пунктері ішінде 2-уінде қозғалыс тоқтатылған ("Қорғас" шекаралық ынтымақтастықтың халықаралық орталығның қызметін тоқтатқан, "Көлжат" өткізу пунктінде авткөлік құралдардың (АКҚ) қозғалысы жоқ).

Қазіргі уақытта тек шекараралық аймақтан уақытша сақтау қоймасына дейін жолда тәулігіне орта есеппен 20 автокөлік құралдары дейін өткізуі жүргізіледі.

10 ақпаннан бастап Қытаймен шекарадан өтетін барлық жүргізушілер тұрғылықты жері бойынша дәрігерлердің бақылауында.

ТЕМІРЖОЛ КӨЛІГІ

Жолаушылар тасымалы

1 ақпаннан бастап 2 жолаушылар пойызы тоқтатылды:

№ 103/104 Урімжі - Алматы (өткізу пункті Алтынкөл- Қорғас).

№ 13/14/53/54 Нұр-Сұлтан/Алматы - Үрімжі (өткізу бекеті Достық - Алашанькоу).

Коронавирусқа қатысты барлық мәселелер ҚР ДМ-мен бірлесіп күнделікті бақылануда.

Әуежайларда қабылданып жатқан шаралар:

1.Әуежайдың барлық қызметкерлерімен, коммерциялық бөлмелердің, перронда және аэровокзал ғимаратында орналасқан тиісті қызметтердің қорғаныш құралдарының (медициналық маскалар, резеңке қолғаптар) болуы және міндетті түрде пайдаланылуы қамтамасыз етілді;

2. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тиісті қызметтері шаралар қабылдағанға дейін коронавирус инфекциясын жұқтыру белгілері бар келетін жолаушыларға арналған уақытша оқшаулағыштар көзделген;

3. "Қазақстанның авиациядық әкімшілігі" АҚ күнделікті негізде әуежайға шығу арқылы бақылауды жүргізеді.

Авиакомпаниялар қабылдап жатқан шаралар:

1. Экипаж мүшелері (бортсеріктер мен ұшқыштар) әрбір ұшу алдында (ұшу алдындағы тексеру шеңберінде) дене температурасын өлшейді.

2. Барлық халықаралық рейстер (Қазақстанға/Қазақстаннан) қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген (50 медициналық бір реттік маскалар және 30 латексті қолғаптар).

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны