06.03.2020, 22:20 8075

Қазақстан Республикасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты үйлестірушісі Норимаса Шимомура мырза және "БҰҰ-Әйелдер" құрылымы Қазақстандағы ұжымының Халықаралық әйелдер күніне орай бірлескен мәлімдемесі

Осы жетістіктерді мойындай отырып, біз әйелдердің қандай кедергілерге кезігетінін білеміз. Мемлекеттік және жеке сектордағы шешімдер қабылдау деңгейінде әйелдер жеткілікті түрде ұсынылмаған, ал әйелдердің Қазақстандағы саяси өмірге қатысуы белгіленген мақсаттар деңгейінен әлі де төмен.

Алматы. 6 наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты үйлестірушісі Норимаса Шимомура мырза және "БҰҰ-Әйелдер" құрылымы Қазақстандағы ұжымының Халықаралық әйелдер күніне орай бірлескен мәлімдемесі

НҰР-СҰЛТАН - Халықаралық әйелдер күнін Қазақстан халқымен бірге атап өтіп, біз әйелдерді әйелдер құқықтары мен қадір-қасиетін құрметтеу, сонымен қатар теңдікке жету жолындағы жетістіктерімен құттықтаймыз.

Биылғы Халықаралық әйелдер күнінің тақырыбы: "Мен - теңдік буыны өкілімін: әйелдер құқығын іске асыру". #ТеңдікБуыны (GenerationEquality) - адам құқығын қорғауға және өркендеген қоғам құру жолында ұрпақтар мен күшті біріктіру мүмкіндігі. 2020 жылы әлемдегі әйелдер мен қыздардың құқықтарын қорғау саласындағы ең жетілдірілген жоба болып табылатын Бейжің декларациясы мен Іс-қимыл платформасының қабылданғанына 25 жыл толуда. Осыған орай 2020 жыл 1995 жылы Бейжіңде жарияланған міндеттемелерді орындау үшін көбірек күш жұмылдыруда үкіметтер, азаматтық қоғам, жастар және белсенділерді ынталандыруға арналады.

2020 жылы біз сонымен қатар бірнеше маңызды сәттерді атап өтудеміз: Біріккен Ұлттар Ұйымының 75-жылдығы және Тұрақты даму мақсаттары бойынша іс-қимыл онжылдығы.

Қазақстан тұрақты даму мақсаттарына сәйкес гендерлік теңдікке жету және әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейтуде айтарлықтай үлкен жұмыс атқарды. Қазақстан тұрмыстық және жыныстық зорлық-зомбылықты алдын алу және оған қарсы әрекет ету саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде, әйелдер істері бойынша ұлттық механизм және Қазақстан Үкіметі азаматтық қоғаммен теңсіздік пен дискриминацияны жою үшін сұхбат орнату, әлеуметтік жағынан осал әйелдерді қолдау және әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту құралдарын жасау бойынша жұмыс жүргізуде.

Осы жетістіктерді мойындай отырып, біз әйелдердің қандай кедергілерге кезігетінін білеміз. Мемлекеттік және жеке сектордағы шешімдер қабылдау деңгейінде әйелдер жеткілікті түрде ұсынылмаған, ал әйелдердің Қазақстандағы саяси өмірге қатысуы белгіленген мақсаттар деңгейінен әлі де төмен. Жұмыс орындағы жыныстық қудалау, әйелдердің шектеулі мансаптық мүмкіндіктері, ерлер мен әйелдер арасындағы жалақы айырмашылығы және төленбейтін үй жұмысы мәселесін шешу үшін көп күш салу қажет. Бұл шешім жұмыс орындағы теңдікті және бала күтімі бойынша жауапкершілікті арттыратын тиімді саясатты, сондай-ақ отбасыларға мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ететін және бейресми секторда жұмыс істейтіндердің қажеттіліктерін қанағаттандыратын іс-қимылдарды қамтиды.

Біз Қазақстандағы әйелдердің сындарлы әлеуметтік өзгерістерге ықпал ету үшін күрделі тақырыптар бойынша ұстанымын білдірудің керемет мысалдарын, көптеген әйелдер мен қыздардың ғылымда, бизнесте, білім беру және басқа да көптеген маңызды салаларда топ жарып, қызмет жасайтындығын көрудеміз. Қазақстанның тәжірибесі бар, сондықтан аталған мәселелерді шешуге болады. Қазақстан өз қоғамының барлық топтары мен білімін жұмылдырса, гендерлік теңдік тұжырымдамасын толығымен іске асыруға болады.

Біз жас әйелдер мен ерлерді, қыздар мен ұлдарды осы шешуші сәттің алдыңғы қатарында болып, "ешкімді артта қалдырмау" ұранымен осыдан да әділ әлемдегі өмір үшін өзгерістерге ат салысуға шақырамыз. Қазақстандағы БҰҰ жүйесі аталған бағыт бойынша Қазақстанға барынша қолдау көрсетуге дайын екенін тағы да растайды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны