11.01.2021, 16:54 14761

Қазақстанда 11 қаңтарға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

Нұр-Сұлтан. 11 қаңтар. Kazakhstan Today - 2021 жылғы 10 қаңтар 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустың 163 019 жағдайы расталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 746 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. 
 
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 163 019. Аймақтар бойынша: 
 
Алматы қаласы - 19 637 (+120); 
 
Шығыс Қазақстан облысы - 19 294 (+38); 
 
Нұр-Сұлтан қаласы - 19 268 (+55); 
 
Атырау облысы - 14 392 (+73); 
 
Қарағанды облысы - 12 451 (+40); 
 
Павлодар облысы – 9957 (+65); 
 
Батыс Қазақстан облысы - 9622 (+46); 
 
Солтүстік Қазақстан облысы - 9185 (+52); 
 
Қостанай облысы - 8168 (+63); 
 
Ақмола облысы - 7835 (+59); 
 
Алматы облысы - 7656 (+63); 
 
Шымкент қаласы - 5619 (+20); 
 
Жамбыл облысы - 5147 (+16); 
 
Маңғыстау облысы - 3810 (+10); 
 
Ақтөбе облысы - 3763 (+10); 
 
Түркістан облысы - 3772 (+8); 
 
Қызылорда облысы - 3443 (+8).
 
Қазақстанда өткен тәулікте 411 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша жазылғандар саны - 149 082, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
11 қаңтардағы жағдай бойынша КВИ-дан 23 498 адам (11 577 КВИ+ және 11 921 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 5 608 науқас стационарларда, ал 17 890 науқас амбулаториялық деңгейде. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
• ауыр жағдайда – 272 науқас; 
 
• аса ауыр жағдайда – 54 науқас; 
 
• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 45 науқас. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 11 қаңтар аралығында коронавирустен жалпы 2 360 өлім тіркелді. Өткен тәулікте коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар 1 науқас қайтыс болды. 
 
Сонымен қатар, 9 қаңтар 2021 жылы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 27 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді.
 
1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 46 350, 525 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 33 904 жетті.
 
2021 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта Ақмола және Атырау облыстары орналасқан.
 
"Сары" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстары. 
 
Барлық қалған өңірлер - "жасыл" аймақта.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны