14.01.2021, 14:21 10900

Қазақстанда 14 қаңтарға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

Нұр-Сұлтан. 14 қаңтар. Kazakhstan Today - 2021 жылғы 13 қаңтар 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустың 165 311 жағдайы расталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 834 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. 
 
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 165 311. Аймақтар бойынша:
 
Алматы қаласында - 19 980 (+122);
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 19 572 (+123); 
 
Шығыс Қазақстан облысында - 19 397 (+39); 
 
Атырау облысында - 14 614 (+75); 
 
Қарағанды облысында - 12 571 (+40); 
 
Павлодар облысында – 10 098 (+70); 
 
Батыс Қазақстан облысында - 9752 (+40); 
 
Солтүстік Қазақстан облысында - 9350 (+59); 
 
Қостанай облысында - 8379 (+74); 
 
Ақмола облысында - 8017 (+59); 
 
Алматы облысында - 7848 (+56); 
 
Шымкент қаласында - 5652 (+14); 
 
Жамбыл облысында - 5187 (+13); 
 
Маңғыстау облысында - 3835 (+10); 
 
Түркістан облысында - 3816 (+16); 
 
Ақтөбе облысында - 3780 (+13); 
 
Қызылорда облысында - 3463 (+11).
 
2021 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта Ақмола және Қостанай облыстары орналасқан. 
 
"Сары" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары. Барлық қалған өңірлер "жасыл" аймақта.
 
Қазақстанда өткен тәулікте 745 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша жазылғандар саны - 151 172, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК.
 
14 қаңтардағы жағдай бойынша КВИ-дан 23 608 адам (11 759 КВИ+ және 11 849 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 5 850 науқас стационарларда, ал 17 758 науқас амбулаториялық деңгейде. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
• ауыр жағдайда – 272 науқас; 
 
• аса ауыр жағдайда – 55 науқас; 
 
• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 51 науқас. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 14 қаңтар аралығында коронавирустен жалпы 2 380 өлім тіркелді. Өткен тәулікте коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар 3 науқас қайтыс болды. 
 
Сонымен қатар, 12 қаңтар 2021 жылы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 91 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 91 адам емделіп шықты. 
 
2020 жылдың 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 46 590, 532 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 34 209 жетті. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны