17.02.2021, 17:16 8040

Қазақстанда 17 ақпанға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

Нұр-Сұлтан. 17 ақпан. Kazakhstan Today - 2021 жылғы 16 ақпан 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустың 204 055 жағдайы расталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 796 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. 
 
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 204 055. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 23 983 (+99); 
 
Алматы қаласында - 23 836 (+91); 
 
Шығыс Қазақстан облысында - 21 321 (+69); 
 
Атырау облысында - 16 774 (+38); 
 
Павлодар облысында - 16 511 (+100); 
 
Қарағанды облысында - 14 838 (+60); 
 
Ақмола облысында – 12 788 (+79); 
 
Батыс Қазақстан облысында - 12 245 (+74); 
 
Солтүстік Қазақстан облысында - 11 922 (+40); 
 
Қостанай облысында - 11 576 (+70); 
 
Алматы облысында - 10 216 (+36); 
 
Шымкент қаласында - 6022 (+6); 
 
Жамбыл облысында - 5782 (+10); 
 
Түркістан облысында - 4223 (+4); 
 
Маңғыстау облысында - 4170 (+5); 
 
Ақтөбе облысында - 4112 (+10); 
 
Қызылорда облысында - 3736 (+5).
 
Қазақстанда өткен тәулікте 1 051 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша COVID-19-дан жазылғандар саны - 187 545, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
17 ақпандағы жағдай бойынша КВИ-дан 22 295 адам (13 846 КВИ+ және 8 449 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 4 927 науқас стационарларда, ал 17 368 науқас амбулаториялық деңгейде. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
• ауыр жағдайда – 249 науқас; 
 
• аса ауыр жағдайда – 45 науқас; 
 
• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 40 науқас. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 17 ақпан аралығында коронавирустан жалпы 2 664 өлім тіркелді. Өткен тәулікте коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар 12 науқас қайтыс болды. 
 
Сонымен қатар, 15 ақпан 2021 жылы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 66 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 235 адам емделіп шықты. 
 
2020 жылдың 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 48 766, 604 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 39 713 жетті. 

2021 жылғы 17 ақпандағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Павлодар облысы орналасқан. 

"Сары" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары. 

"Жасыл" аймақта - қалған барлық өңірлер. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны