19.01.2021, 14:54 7758

Қазақстанда 19 қаңтарға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

Нұр-Сұлтан. 19 қаңтар. Kazakhstan Today - 2021 жылғы 18 қаңтар 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустың 170 098 жағдайы расталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 999 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. 
 
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 170 098. Аймақтар бойынша:
 
Алматы қаласында - 20 523 (+79); 
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 20 144 (+124); 
 
Шығыс Қазақстан облысында - 19 595 (+47); 
 
Атырау облысында - 15 030 (+78); 
 
Қарағанды облысында – 12 848 (+66); 
 
Павлодар облысында - 10 723 (+150); 
 
Батыс Қазақстан облысында - 9985 (+50); 
 
Солтүстік Қазақстан облысында - 9633 (+71); 
 
Қостанай облысында - 8743 (+72); 
 
Ақмола облысында - 8450 (+109); 
 
Алматы облысында - 8285 (+93); 
 
Шымкент қаласында - 5733 (+7); 
 
Жамбыл облысында - 5296 (+25); 
 
Маңғыстау облысында - 3888 (+2); 
 
Түркістан облысында - 3906 (+17); 
 
Ақтөбе облысында - 3823 (+4); 
 
Қызылорда облысында - 3493 (+5).
 
Қазақстанда өткен тәулікте 946 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша жазылғандар саны - 154 449, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
19 қаңтардағы жағдай бойынша КВИ-дан 24 894 адам (13 226 КВИ+ және 11 668 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 6 485 науқас стационарларда, ал 18 409 науқас амбулаториялық деңгейде. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
• ауыр жағдайда – 312 науқас; 
 
• аса ауыр жағдайда – 61 науқас; 
 
• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 49 науқас. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 19 қаңтар аралығында коронавирустен жалпы 2 423 өлім тіркелді. Өткен тәулікте коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар 7 науқас қайтыс болды. 
 
Сонымен қатар, 17 қаңтар 2021 жылы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 18 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 43 адам емделіп шықты. 
 
2020 жылдың 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 46 866, 542 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 34 656 жетті. 
 
2021 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Ақмола, Атырау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары. 
 
"Сары" аймақта: Алматы, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта - қалған барлық өңірлер.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны