01.02.2021, 16:31 7581

Қазақстанда 1 ақпанға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

Нұр-Сұлтан. 1 ақпан. Kazakhstan Today - 2021 жылғы 31 қаңтар 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустың 187 970 жағдайы расталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 1 259 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. 
 
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 187 970. Аймақтар бойынша:
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 22 284 (+61); 
 
Алматы қаласында - 22 128 (+116); 
 
Шығыс Қазақстан облысында - 20 240 (+81); 
 
Атырау облысында - 16 092 (+78); 
 
Қарағанды облысында - 13 873 (+86); 
 
Павлодар облысында – 13 610 (+246); 
 
Батыс Қазақстан облысында - 11 058 (+87); 
 
Солтүстік Қазақстан облысында - 10 954 (+85); 
 
Ақмола облысында - 10 964 (+197); 
 
Қостанай облысында - 10 309 (+88); 
 
Алматы облысында - 9287 (+62); 
 
Шымкент қаласында - 5876 (+9); 
 
Жамбыл облысында - 5581 (+14); 
 
Түркістан облысында - 4102 (+25); 
 
Маңғыстау облысында - 4048 (+10); 
 
Ақтөбе облысында - 3955 (+5); 
 
Қызылорда облысында - 3609 (+9).
 
Қазақстанда өткен тәулікте 854 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша жазылғандар саны - 168 768, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
1 ақпандағы жағдай бойынша КВИ-дан 28 050 адам (16 646 КВИ+ және 11 404 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 6 414 науқас стационарларда, ал 21 636 науқас амбулаториялық деңгейде. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
• ауыр жағдайда – 260 науқас; 
 
• аса ауыр жағдайда – 52 науқас; 
 
• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 42 науқас.
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 1 ақпан аралығында коронавирустан жалпы 2 556 өлім тіркелді. Өткен тәулікте коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар 7 науқас қайтыс болды. 
 
Сонымен қатар, 30 қаңтар 2021 жылы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 16 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 157 адам емделіп шықты. 
 
2020 жылдың 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 47 874, 570 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 35 900 жетті. 
 
Естеріңізге сала кетейік, 1 ақпаннан бастап Қазақстанда COVID-19-ға қарсы "Спутник V" вакцинациясы басталады. Бірінші кезекте халықтың жекелеген топтары - медицина қызметкерлері, полицейлер, әскери қызметшілер және т.б. вакцинациялауға жатады. Вакцинациялауға профилактикалық егуге қарсы көрсетілімдері жоқ адамдар жіберіледі.

2021 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Ақмола, Батыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан.

"Сары" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Атырау, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстары. 

"Жасыл" аймақта - қалған барлық өңірлер.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны