19.01.2021, 15:45 9231

Қазақстанда 1 ақпанда халықты жаппай вакциналау басталады

Нұр-Сұлтан. 19 қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстанда коронавирусқа қарсы жаппай вакцинациялауды 1 ақпанда бастау жоспарлануда, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.
 

Бүгінгі таңдағы ең маңызды міндет – халықты жаппай вакциналауды ұйымдастыру. QazCovid-in отандық вакцинасы клиникалық сынақтардың III кезеңінен өтуде (алдын ала тиімділігі – 96%). "Спутник V" вакцинасының сапасын аттестаттау жұмыстары жүргізіліп жатыр. GMP стандарты бар вакциналар шығаратын биофармзауыт салынып жатыр. Сонымен қатар, эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, жергілікті жерлердегі жағдайды тұрақтандыру бойынша шұғыл шаралар қабылдау қажет. Осыған орай, Денсаулық сақтау министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, 1 ақпаннан бастап медициналық ұйымдардың халықты "Спутник V" жаппай вакциналауды бастауға дайын болуын қамтамасыз етуді тапсырамын", — деді Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин.

 
Ол барлық егу пункттерінде вакцинаны сақтауға қажетті жабдықтар болуы керек екенін атап өтті. 
 

Сондай-ақ, медицина қызметкерлерін оқыту қажет. Бір апта ішінде егу пункттерінің дайындығын бақылауды және вакцинамен үздіксіз қамтамасыз ету мәселелерін шешуді тапсырамын", - деді Премьер-Министр.

 
ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлағандай, коронавирустық инфекцияны жұқтыру және тарату қаупі жоғары медицина қызметкерлерін, педагогтерді, полицейлерді, сондай-ақ жүрек-қан тамырлары жүйесі, тыныс алу органдары, қант диабеті, медициналық-әлеуметтік мекемелердің персоналы мен контингенті тарапынан созылмалы аурулары бар адамдарды қоса алғанда, халықтың осал топтары коронавирустық инфекцияға қарсы тегін вакцинациялауға жатады.
 
Егуді алу алдында әр адам вакцинаның құрамы мен өндірушісі туралы ақпарат берілген нұсқаулықпен танысуға құқылы.
 
Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация ерікті негізде егілушінің ақпараттандырылған келісімімен ғана ұсынылады.
 
Қазақстан Республикасы Кодексінің 77-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының профилактикалық вакцинациядан бас тартуға құқығы бар.
 
Егуді жүргізу алдында егілушіге міндетті түрде тексеру жүргізіледі. Медициналық қарсы көрсетілімдер болған жағдайда вакцинация сауыққанға дейін кейінге қалдырылады.
 
Қазіргі таңда Covid-19 таралу қарқыны бойынша ҚР-ның 6 өңірі "қызыл аймақта" тұр, атап айтсақ: Ақмола, Атырау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы. "Сары аймақта" — Батыс Қазақстан, Алматы және Қарағанды облыстары. Республика бойынша вирустың репродуктивтік көрсеткіші 1,1-ді құрайды. Инфекциялық төсек орындардың жүктемесі – 32%, реанимациялық төсек орындар – 23%.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны