20.01.2021, 14:59 7056

Қазақстанда 20 қаңтарға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

Нұр-Сұлтан. 20 қаңтар. Kazakhstan Today - 2021 жылғы 19 қаңтар 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустың 171 232 жағдайы расталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 11-17 қаңтар аралығында Қазақстанда коронавирустық инфекциядан 54 адам қайтыс болды. Нұр-Сұлтанда - 4, Алматыда - 9, Шымкентте - 5, Ақмола облысында - 2, Ақтөбе облысында - 4, Алматы облысында - 7, Атырау облысында - 3, Шығыс Қазақстан облысында - 1, Батыс Қазақстан облысында - 8, Қарағанды облысында - 3, Маңғыстау облысында - 1, Павлодар облысында - 6, Түркістан облысында - 1.
 
Қазақстан Республикасы бойынша өліммен аяқталған 2 403 жағдай тіркелген.
 
Қазақстанда өткен тәулікте 1 134 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. 
 
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 171 232. Аймақтар бойынша: 
 
Алматы қаласында - 20 635 (+112); 
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 20 342 (+198); 
 
Шығыс Қазақстан облысында - 19 638 (+43); 
 
Атырау облысында - 15 104 (+74); 
 
Қарағанды облысында – 12 920 (+72); 
 
Павлодар облысында - 10 874 (+151); 
 
Батыс Қазақстан облысында - 10 030 (+45); 
 
Солтүстік Қазақстан облысында - 9709 (+76); 
 
Қостанай облысында - 8811 (+68); 
 
Ақмола облысында - 8558 (+108); 
 
Алматы облысында - 8377 (+92); 
 
Шымкент қаласында - 5743 (+10); 
 
Жамбыл облысында - 5317 (+21); 
 
Түркістан облысында - 3928 (+22); 
 
Маңғыстау облысында - 3905 (+17); 
 
Ақтөбе облысында - 3841 (+18); 
 
Қызылорда облысында - 3500 (+7).
 
Қазақстанда өткен тәулікте 948 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша жазылғандар саны - 155 397, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
20 қаңтардағы жағдай бойынша КВИ-дан 25 038 адам (13 404 КВИ+ және 11 643 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 6 522 науқас стационарларда, ал 18 516 науқас амбулаториялық деңгейде. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
• ауыр жағдайда – 307 науқас; 
 
• аса ауыр жағдайда – 61 науқас; 
 
• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 34 науқас. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 20 қаңтар аралығында коронавирустен жалпы 2 431 өлім тіркелді. Өткен тәулікте коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар 8 науқас қайтыс болды. 
 
Сонымен қатар, 18 қаңтар 2021 жылы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 118 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 149 адам емделіп шықты. 
 
2020 жылдың 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 46 984, 545 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 34 805 жетті. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны