22.02.2021, 17:11 7878

Қазақстанда 22 ақпанға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

Нұр-Сұлтан. 22 ақпан. Kazakhstan Today - 2021 жылғы 21 ақпан 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустың 208 117 жағдайы расталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 699 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. 
 
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 208 117. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 24 476 (+72); 
 
Алматы қаласында - 24 359 (+101); 
 
Шығыс Қазақстан облысында - 21 610 (+52); 
 
Атырау облысында - 16 939 (+24); 
 
Павлодар облысында - 17 035 (+96); 
 
Қарағанды облысында - 15 098 (+40); 
 
Ақмола облысында – 13 177 (+73); 
 
Батыс Қазақстан облысында - 12 577 (+39); 
 
Солтүстік Қазақстан облысында - 12 098 (+38); 
 
Қостанай облысында - 11 918 (+67); 
 
Алматы облысында - 10 476 (+37); 
 
Шымкент қаласында - 6072 (+13); 
 
Жамбыл облысында - 5855 (+16); 
 
Түркістан облысында - 4247 (+3); 
 
Маңғыстау облысында - 4202 (+3); 
 
Ақтөбе облысында - 4191 (+13); 
 
Қызылорда облысында - 3787 (+12).
 
Қазақстанда өткен тәулікте 642 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша COVID-19-дан жазылғандар саны - 191 739, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
22 ақпандағы жағдай бойынша КВИ-дан 21 285 адам (13 679 КВИ+ және 7 606 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 4 838 науқас стационарларда, ал 16 447 науқас амбулаториялық деңгейде. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
• ауыр жағдайда – 242 науқас; 
 
• аса ауыр жағдайда – 53 науқас; 
 
• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 43 науқас. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 22 ақпан аралығында коронавирустан жалпы 2 699 өлім тіркелді. Өткен тәулікте коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар 5 науқас қайтыс болды. 
 
Сонымен қатар, 20 ақпан 2021 жылы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 13 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 195 адам емделіп шықты. 
 
2020 жылдың 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 48 983, 612 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 40 765 жетті. 
 
2021 жылғы 22 ақпандағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "сары" аймақта: Нұр-Сұлтан, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстары орналасқан.
 
"Жасыл" аймақта - қалған барлық өңірлер.
 
Сонымен қатар, Нұр-Сұлтанның Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері мәлімдегендей, соңғы аптада елордада КВИ ауруының 7,13% - ға төмендегені байқалады.
 

100 мың тұрғынға шаққандағы қарқынды көрсеткіш 55,58; репродуктивті сан 0,971 құрады. Бұрынғыдай қала тұрғындары арасында ауырғандардың 24,7% негізгі үлесін 30-39 жастағы адамдар құрайды; 50 және одан жоғары жастағы адамдар - 23,4%, 18-29 жастағы жас тобына 18,4%, 40-49 жастағы адамдарға – 14,9%; балалар жалпы сырқаттанушылықта – 15,9% құрайды", - деді Сархат Бейсенова брифингте.

 
Спикердің айтуынша, қазір елорда "сары" аймақта тұрақты тұр. Осыған байланысты бекітілген критерийлерге байланысты шектеу іс-шараларының белгілі бір жеңілдіктері туралы мәселе қарастырылуда.
 

Егер біз осы аптада "сары" аймақта тұрақты болатын болсақ, онда кейбір жеңілдіктер қабылданатын болады", - деп толықтырды Бейсенова.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны