23.02.2021, 17:30 8185

Қазақстанда 23 ақпанға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

Нұр-Сұлтан. 23 ақпан. Kazakhstan Today - 2021 жылғы 22 ақпан 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустың 208 809 жағдайы расталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 692 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. 
 
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 208 809. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 24 536 (+60); 
 
Алматы қаласында - 24 470 (+111); 
 
Шығыс Қазақстан облысында - 21 692 (+82); 
 
Атырау облысында - 16 967 (+28); 
 
Павлодар облысында - 17 128 (+93); 
 
Қарағанды облысында - 15 133 (+35); 
 
Ақмола облысында - 13 242 (+65); 
 
Батыс Қазақстан облысында - 12 622 (+45); 
 
Солтүстік Қазақстан облысында - 12 138 (+40); 
 
Қостанай облысында - 11 985 (+67); 
 
Алматы облысында - 10 512 (+36); 
 
Шымкент қаласында - 6078 (+6); 
 
Жамбыл облысында - 5865 (+10); 
 
Түркістан облысында - 4252 (+5); 
 
Маңғыстау облысында - 4202 (+0); 
 
Ақтөбе облысында - 4191 (+0); 
 
Қызылорда облысында - 3796 (+9).
 
Қазақстанда өткен тәулікте 944 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша COVID-19-дан жазылғандар саны - 192 773, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
23 ақпандағы жағдай бойынша КВИ-дан 20 780 адам (13 369 КВИ+ және 7 411 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 4 683 науқас стационарларда, ал 16 097 науқас амбулаториялық деңгейде. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
• ауыр жағдайда – 245 науқас; 
 
• аса ауыр жағдайда – 55 науқас; 
 
• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 48 науқас.
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 23 ақпан аралығында коронавирустан жалпы 2 707 өлім тіркелді. Өткен тәулікте коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар 8 науқас қайтыс болды. 
 
Сонымен қатар, 21 ақпан 2021 жылы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 8 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 202 адам емделіп шықты. 
 
2020 жылдың 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 48 991, 613 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 40 967 жетті. 
 
2021 жылғы 23 ақпандағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "сары" аймақта: Нұр-Сұлтан, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстары орналасқан. 
 
"Жасыл" аймақта - қалған барлық өңірлер. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны