25.01.2021, 15:18 8196

Қазақстанда 25 қаңтарға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

Нұр-Сұлтан. 25 қаңтар. Kazakhstan Today - 2021 жылғы 24 қаңтар 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустың 178 454 жағдайы расталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 1 480 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. 
 
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 178 454. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 21 485 (+211); 
 
Алматы қаласында - 21 276 (+135); 
 
Шығыс Қазақстан облысында - 19 835 (+31); 
 
Атырау облысында - 15 598 (+101); 
 
Қарағанды облысында - 13 308 (+82); 
 
Павлодар облысында – 11 912 (+217); 
 
Батыс Қазақстан облысында - 10 393 (+89); 
 
Солтүстік Қазақстан облысында - 10 214 (+107); 
 
Ақмола облысында - 9518 (+219); 
 
Қостанай облысында - 9487 (+137); 
 
Алматы облысында - 8791 (+79); 
 
Шымкент қаласында - 5796 (+9); 
 
Жамбыл облысында - 5426 (+18); 
 
Түркістан облысында - 4002 (+16); 
 
Маңғыстау облысында - 3971 (+11); 
 
Ақтөбе облысында - 3898 (+9); 
 
Қызылорда облысында - 3544 (+9).
 
Қазақстанда өткен тәулікте 827 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша жазылғандар саны - 160 313, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
25 қаңтардағы жағдай бойынша КВИ-дан 27 360 адам (15 661 КВИ+ және 11 699 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 6 827 науқас стационарларда, ал 20 533 науқас амбулаториялық деңгейде. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
• ауыр жағдайда – 311 науқас; 
 
• аса ауыр жағдайда – 43 науқас; 
 
• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 42 науқас. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 25 қаңтар аралығында коронавирустен жалпы 2 480 өлім тіркелді. Өткен тәулікте коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар 8 науқас қайтыс болды. 
 
Сонымен қатар, 23 қаңтар 2021 жылы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 16 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 34 адам емделіп шықты. 
 
2020 жылдың 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 47 437, 555 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 35 183 жетті. 

2021 жылғы 25 қаңтардағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан. 

"Сары" аймақта: Қарағанды, Алматы облыстары. 

"Жасыл" аймақта - қалған барлық өңірлер.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны