27.01.2021, 15:50 7402

Қазақстанда 27 қаңтарға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

Нұр-Сұлтан. 27 қаңтар. Kazakhstan Today - 2021 жылғы 26 қаңтар 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустың 181 117 жағдайы расталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 1 397 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. 
 
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 181 117. Аймақтар бойынша:
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 21 723 (+147); 
 
Алматы қаласында - 21 547 (+139); 
 
Шығыс Қазақстан облысында - 19 933 (+53); 
 
Атырау облысында - 15 752 (+70); 
 
Қарағанды облысында - 13 465 (+78); 
 
Павлодар облысында – 12 328 (+219); 
 
Батыс Қазақстан облысында - 10 585 (+95); 
 
Солтүстік Қазақстан облысында - 10 432 (+108); 
 
Ақмола облысында - 9946 (+213); 
 
Қостанай облысында - 9732 (+141); 
 
Алматы облысында - 8926 (+64); 
 
Шымкент қаласында - 5813 (+10); 
 
Жамбыл облысында - 5470 (+23); 
 
Түркістан облысында - 4020 (+10); 
 
Маңғыстау облысында - 3983 (+10); 
 
Ақтөбе облысында - 3904 (+6); 
 
Қызылорда облысында - 3558 (+11).
 
Қазақстанда өткен тәулікте 1 398 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша жазылғандар саны - 163 156, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
27 қаңтардағы жағдай бойынша КВИ-дан 27 119 адам (15 451 КВИ+ және 11 668 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 6 492 науқас стационарларда, ал 20 627 науқас амбулаториялық деңгейде. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
• ауыр жағдайда – 266 науқас; 
 
• аса ауыр жағдайда – 39 науқас; 
 
• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 38 науқас.
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 27 қаңтар аралығында коронавирустен жалпы 2 510 өлім тіркелді. Өткен тәулікте коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар 15 науқас қайтыс болды. 
 
Сонымен қатар, 25 қаңтар 2021 жылы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 130 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 128 адам емделіп шықты. 
 
2020 жылдың 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 47 575, 559 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 35 348 жетті. 
 
2021 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан. 
 
"Сары" аймақта: Қарағанды облысы. 
 
"Жасыл" аймақта: қалған барлық өңірлер.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны