31.12.2020, 12:20 13575

Қазақстанда 31 желтоқсанға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

Нұр-Сұлтан. 31 желтоқсан. Kazakhstan Today - 2020 жылы 30 желтоқсан 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустың 154 720 жағдайы расталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Қазақстанда өткен тәулікте 795 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 154 720. Аймақтар бойынша:

Шығыс Қазақстан облысы - 18 826 (+46),

Нұр-Сұлтан қаласы - 18 446 (+120);

Алматы қаласы - 18 411 (+87);

Атырау облысы - 13 450 (+116);

Қарағанды облысы - 12 068 (+39);

Батыс Қазақстан облысы - 9192 (+30);

Павлодар облысы - 9037 (+72);

Солтүстік Қазақстан облысы - 8571 (+59);

Қостанай облысы - 7505 (+58);

Ақмола облысы - 7190 (+55);

Алматы облысы - 7083 (+51);

Шымкент қаласы - 5507 (+5);

Жамбыл облысы - 4995 (+15);

Ақтөбе облысы - 3685 (+9);

Маңғыстау облысы - 3701 (+19);

Түркістан облысы - 3667 (+6);

Қызылорда облысы - 3386 (+8).

Қазақстанда өткен тәулікте 744 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша жазылғандар саны - 142 475, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК.

31 желтоқсандағы жағдай бойынша КВИ-дан 22 102 адам (9 961 КВИ+ және 12 141 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 4 959 науқас стационарларда, ал 17 143 науқас амбулаториялық деңгейде.

КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде:

• ауыр жағдайда – 270 науқас;

• аса ауыр жағдайда – 48 науқас;

• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 44 науқас.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 31 желтоқсан аралығында коронавирустен жалпы 2 284 өлім тіркелді. Өткен тәулікте коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар 10 науқас қайтыс болды.

Сонымен қатар, өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 93 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 101 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 45 723, 499 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 33 083 жетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны