03.02.2021, 16:32 7127

Қазақстанда 3 ақпанға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

Нұр-Сұлтан. 3 ақпан. Kazakhstan Today - 2021 жылғы 2 ақпан 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустың 190 359 жағдайы расталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 1 228 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. 
 
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 190 359. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 22 490 (+130); 
 
Алматы қаласында - 22 328 (+113); 
 
Шығыс Қазақстан облысында - 20 407 (+81); 
 
Атырау облысында - 16 233 (+89); 
 
Павлодар облысында - 14 083 (+235); 
 
Қарағанды облысында - 14 016 (+63); 
 
Ақмола облысында – 11 329 (+170); 
 
Батыс Қазақстан облысында - 11 198 (+85); 
 
Солтүстік Қазақстан облысында - 11 109 (+76); 
 
Қостанай облысында - 10 478 (+84); 
 
Алматы облысында - 9415 (+53); 
 
Шымкент қаласында - 5896 (+13); 
 
Жамбыл облысында - 5604 (+15); 
 
Түркістан облысында - 4125 (+4); 
 
Маңғыстау облысында - 4065 (+9); 
 
Ақтөбе облысында - 3963 (+5); 
 
Қызылорда облысында - 3620 (+3).
 
Қазақстанда өткен тәулікте 1 136 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша жазылғандар саны - 171 099, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
3 ақпандағы жағдай бойынша КВИ-дан 27 900 адам (16 695 КВИ+ және 11 205 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 5 788 науқас стационарларда, ал 22 112 науқас амбулаториялық деңгейде. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
• ауыр жағдайда – 253 науқас;
 
• аса ауыр жағдайда – 57 науқас; 
 
• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 52 науқас. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 3 ақпан аралығында коронавирустан жалпы 2 565 өлім тіркелді. Өткен тәулікте коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар 6 науқас қайтыс болды. 
 
Сонымен қатар, 1 ақпан 2021 жылы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 107 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 201 адам емделіп шықты. 
 
2020 жылдың 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 48 005, 571 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 36 229 жетті.
 
Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері карантин шаралары туралы жаңа қаулыға қол қойды.
 
2021 жылғы 3 ақпандағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан. 
 
"Сары" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта - қалған барлық өңірлер. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны