18.07.2026, 11:52 62546
Қазақстанда 48 градусқа дейін аптап ыстық болады деп күтілуде
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
18-20 шілде аралығында Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болып, елдің батысында, солтүстігінде және орталығында найзағайлы жаңбыр жауса, шығыс пен оңтүстікте аптап ыстық болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" синоптиктері.
Қостанай облысының жекелеген аудандарында қатты жаңбыр жауады деп күтілуде. 19-20 шілдеде Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында, ал 20 шілде күндіз Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облыстарында нөсер жаңбыр жауады деп болжанып отыр. Кей жерлерде бұршақ жауып, екпінді жел соғады, ал оңтүстікте шаңды дауыл соғуы мүмкін.
Жауын-шашын тек елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында, сондай-ақ 18 шілдеде орталық өңірлерде жаумайды.
Қазақстанның солтүстік-батысы мен солтүстігінде күндіз ауа температурасы +21…+29 градусқа дейін төмендесе, шығыс пен орталықтың басым бөлігінде +35…+39 градусға дейін аптап ыстық болады. Еліміздің орталық және шығыс өңірлерінің оңтүстігінде ауа температурасы +42 градусқа, оңтүстік-батыста +44 градусқа, ал елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында +45…+48 градусқа дейін көтеріледі.
Бүгін Астанада жауын-шашынсыз, ауа температурасы +34…+36°C, Алматыда жауын-шашынсыз +40…+42°C, Шымкентте жауын-шашынсыз +45…+47°C болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
08.08.2026, 21:55 9776
Алматыда Абай Әлемі ұлықталды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Абай күні қарсаңында Алматы қаласында ашық аспан астындағы сахнада мыңдаған көрермендер Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" қолдауымен түсірілген Абайдың тұңғыш шығармалар жинағының жарық көру тарихын баяндаған "Алғашқы кітап" атты деректі фильмді тамашалады, деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігі баспасөз қызметінен.
Докудрама жанрындағы бұл деректі фильм қазақтың неше ғасырлық рухани тарихындағы таң қаларлық ұлы оқиға - 1909 жылы Петербор қаласында Ильяс Бораганский баспасынан жарық көрген Абайдың тұңғыш кітабының қилы тағдырын бейнелеген.
Фильм жалғыз өзі тұтас бір әлем жасап, шығармашылықпен айналысқан небәрі жиырма жылдың ішінде қазақтың тілін де, көркемдік, этикалық танымын да күрт өзгертіп, бұрын-соңды түрік жұрты жетпеген биікке көтерген Абайдың алғашқы кітабы қалай басылып шықты, Абай көзі тірісінде өзінің шығармаларын жинақтап, кітап қылып шығаруға әрекет етпеді ме, жалпы, кітапты кім дайындады, қалай баспа бетін көрді, неге Семейде емес, қияндағы Петерборда басылды, неге кітапты шығару ісінде көптеген кедергілер пайда болды, т.т.с.с. сауалдарға жауап іздеген екен.
Премьера соңы Алматы қаласы әкімдігінің Мәдениет басқармасы ұйымдастырған Абай мұрасын насихаттаған концерттік бағдарламаға ұласты.
Талғат Күзембаев, Лидия Кәденова, Ерлан Біләл, Дархан Сүлейменов, Асан Мәжит, Динара Кемелхан, Ерден Жақсыбек, "Алашұлы" тобы мен Хор капелласының қатысуымен музыкалық-поэтикалық қойылым болды.
Кеш ары қарай Абай күніне арналған, ұлы ақын-ағартушының әндері шырқалып, сөздері оқылған "Almaty summer fest" фестиваліне жалғасты. Фестивальде Мақпал Жүнісова, Жанар Дұғалова, Асхат Тарғын, Нұрлан Бердібаев, Серік Исахан, Ayarai, Birzhan Demeuuly, Nurtore, Magsoul, "Kesh you", "6ellucci", "IL Canto", т.б. өнер көрсетті.
Мерекелік кеш соңында мыңдаған астам адам ашық аспан астында Абай әндерін бірге шырқады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
07.08.2026, 14:06 36206
ОСК Құрылтай сайлауында дауыс беретін учаскені анықтау жолдарын түсіндірді
Достарға айту
2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауда дауыс беру үшін Қазақстан Республикасының азаматтары өз сайлау учаскесін алдын-ала біле алады, деп хабарлайды Орталық сайлау комиссиясы.
GOV.KZ платформасында өз сайлау учаскесінің нөмірі мен орналасқан мекенжайын білуге мүмкіндік беретін онлайн-сервис іске қосылды.
Азаматтарға ыңғайлы болуы үшін бір мезетте үш сервис әзірленді. Көрсетілген гиперсілтемелердің кез-келгеніне өту арқылы сайлаушы өзінің өңірін таңдап, ЖСН енгізіп, сайлау учаскесінің нөмірін, сондай-ақ оның мекенжайын біле алады.
Сервис үш платформада қолжетімді: GOV.KZ, sailau.gov.kz және sailau2026.gov.kz.
Сондай-ақ, өз сайлау учаскеңізді eGov Mobile қосымшасындағы "Танымал қызметтер" бөлімінен табуға болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
07.08.2026, 09:45 38456
Comic Con Astana-да әуесқой косплей байқауының жеңімпаздары анықталды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Comic Con Astana 2026 фестивалінің алғашқы күні өткен әуесқой косплей байқауына 80-нен астам адам қатысты. Бұл туралы Астана әкімдігі хабарлады.
Сахнада 50-ден астам ересек қатысушы мен 30-ға жуық бала фильмдер, сериалдар, аниме және бейнеойын кейіпкерлерінің образдарын ұсынды.
Жеңімпаздарды өткен жылғы әуесқойлар турнирінің жеңімпаздарынан құралған қазылар алқасы анықтады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қатысушылардың дайындығы жоғары болғандықтан, үздіктерді таңдау оңайға соқпаған.
Балалар және ересектер санатында: І орын - 100 мың теңге; ІІ орын - 60 мың теңге; ІІІ орын - 40 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық табысталды.
Ересектер санатында:
ІІІ орын - League of Legends ойынындағы Акали бейнесі;
ІІ орын - Эдвард Қайшықол (Edward Scissorhands) образы;
І орын - тазалық қызметкерлерінің образын сомдаған "Алматинские бабочки" командасы иеленді.
Биыл фестиваль аясында алғаш рет "Бейнеойындар бойынша үздік косплей" арнайы номинациясы тағайындалды. Оның серіктесі - "Болашақ ойындары" (Games of the Future). Ересектер арасында жеңімпаз Baldur’s Gate 3 ойынындағы Астарион образын сомдаған қатысушы атанып, сыйлыққа планшет алды.
Балалар санатында:
ІІІ орын - Хосино Ай;
ІІ орын - Кли;
І орын - "Жұлдыздар соғысы" әлеміндегі Джабба бейнесі жеңіске жетті.
Ал балалар арасындағы үздік ойын косплейі номинациясының жеңімпазы The Legend of Zelda ойынындағы Линк образын ұсынған қатысушы болды.
Әуесқойлар байқауы Comic Con Astana 2026 фестивалінің алғашқы күніндегі басты оқиғалардың біріне айналды. Фестиваль 9 тамызға дейін жалғасады. Бағдарламада кәсіби косплей байқауы, халықаралық хедлайнерлермен кездесулер және басқа да іс-шаралар жоспарланған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.08.2026, 18:38 49116
"Тақтар ойынының" жұлдызы Қазақстан туралы алғашқы әсерімен бөлісті
Достарға айту
"Игра престолов" телехикаясындағы Джейме Ланнистер рөлімен танымал актер Николай Костер-Вальдау Comic Con Astana баспасөз мәслихатында Қазақстанға алғашқы сапары туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
"Бұл - менің Қазақстанға, Астанаға алғашқы сапарым. Неткен кеңбайтақ ел! Көріп үлгергенімнің бәрі керемет әсер қалдырды. Соңғы үш жылда жегенімнен де көп ет жедім. Астанадағы моншаға барып, жақсылап буға түстім. Одан кейін бассейнде күшті бір ер адам мені кішкентай баладай ұстап тұрды. Сондай-ақ "Бәйтерек" монументіндегі алақанға қолымды қойдым. Енді осының бәрі менің өңім бе, әлде түсім бе деп ойлап отырмын", - деді Николай Костер-Вальдау.
Актер Қазақстан тұрғындарының ашықтығы мен қонақжайлығын атап өтіп, олар жайлы алған әсерімен де бөлісті.
"Әсерді әрдайым кездескен адамдарың қалыптастырады. Мен өте жақсы, мейірімді адамдарды кездестірдім. Менің мұнда қонақ ретінде осындай тәжірибе жинақтау бақыты бұйырғанын түсінемін", - деді ол.
Актер мамандығына қатысты көзқарасымен де бөлісіп, әрбір жаңа рөлдің өзі үшін жаңа кезең екенін айтып өтті.
"Білесіздер ме, актерлік жұмыстың ең қызықты тұсы - әр жолы жаңа дүниенің пайда болуы шығар. Маған алғаш рет әке рөлін сомдауды ұсынғанда: "Болды, енді маған әке рөлдері беріледі екен", - деп ойладым. Ал енді маған балалар рөлдері берілетінін түсініп отырмын", - деп атап өтті актер.
Есьеріңізге сала кетсек, Астанада Comic Con фестивалі өтуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.08.2026, 14:09 52161
Әлемдік косплей жұлдызы Kamui Қазақстанға алғаш рет келді
Сурет: kamuicosplay.com
Достарға айту
Comic Con Astana елордада өз жұмысын жалғастыра отырып, поп-мәдениет, косплей, кино, аниме және бейнеойын жанкүйерлерінің басын қосуда.
Фестивальдің қазылар алқасының құрамына әлемдік косплей индустриясының көшбасшыларының бірі ретінде танылған Германияның дүниежүзіне әйгілі Kamui Cosplay шығармашылық дуэті енді.
Дуэт мүшелерінің бірі Қазақстанға алғаш рет келгенін айтты. Оның айтуынша, өзі Өзбекстанда дүниеге келген, ал бес жасында отбасымен бірге Германияға қоныс аударған. Сондықтан да Қазақстанда өзін туған үйіндегідей сезінетінін атап өтті.
Қонақ қазақстандық косплейшілер дайындаған костюмдерді жоғары бағалап, шақырғаны үшін ұйымдастырушыларға алғысын айтты. Сондай-ақ, фестиваль қатысушылары мен келушілеріне жарқын әсер тілей отырып, Kazakhstan Today агенттігінің оқырмандарына сәлем жолдады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.08.2026, 12:47 53226
Астанада алғаш рет жолаушы мінген ұшқышсыз әуе кемесі ұшырылды
Сурет: ҚР Көлік министрлігі
Достарға айту
Астанада жолаушы мінген EH216-S ұшқышсыз әуе кемесінің тарихи демонстрациялық ұшуы өтті, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметінен.
Тік ұшып-қонып, электр қуатымен қозғалатын (eVTOL) сериялық әуе аппараты "Future Games 2026" халықаралық турнирі аясында елордадағы арнайы рұқсат етілген аумақта сынақ ұшуын орындады.
"Бұл - Қазақстан тарихындағы жолаушы мінген ұшқышсыз әуе кемесінің алғашқы демонстрациялық ұшуы",- деп атап өтті министрліктен.
Іс-шараға қатысушылар ұшқышсыз әуе жүйелерінің нақты жағдайда қолданылу мүмкіндіктерімен танысты. Әуе кемесі екі жолаушыны тасымалдауға арналған. Оның ең жоғары жылдамдығы сағатына 130 шақырымды құрайды, ал ұшу қашықтығы 35 шақырымға дейін жетеді.
Алғашқы кезеңде Қазақстанның табиғи, мәдени және тарихи көрікті жеалғаш рет рлері үстімен ұзақтығы 5-30 минут болатын демонстрациялық және туристік бағыттарды іске қосу жоспарланып отыр. Болашақта мұндай ұшқышсыз жолаушылар әуе жүйелері қолданыстағы көлік түрлерін толықтырып, еліміздің заманауи көлік инфрақұрылымының бір бөлігіне айналады.
Жоба ұшқышсыз әуе жүйелерін түрлі салада пайдалануды көздейді. Атап айтқанда, оларды шұғыл медициналық көмек көрсетуге, дәрі-дәрмек жеткізуге, өрт сөндіру жұмыстарына, логистикаға және жедел әрекет етуді қажет ететін басқа да бағыттарға қолдану жоспарланған.
Сонымен қатар, жоба аясында Қазақстанда жолаушыларға арналған ұшқышсыз әуе жүйелерінің өндірісін кезең-кезеңімен өзімізде өндіру көзделіп отыр. Бұл жоғары технологиялы машина жасау саласын дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және өнеркәсіптік кооперацияны кеңейтуге мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда Көлік министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, қалалық әуе мобильдігін дамыту үшін қажетті құқықтық және инфрақұрылымдық негізді қалыптастыру жұмыстарын жүргізуде. eVTOL әуе кемелерін пайдалану, вертипорттардың қызметі және ұшқышсыз әуе қозғалысын басқару жүйесіне қатысты заңнамалық өзгерістер қабылданды. Бұл жаңа технологияларды Қазақстанның көлік жүйесіне қауіпсіз енгізуге қажетті жағдай жасайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.08.2026, 11:41 54066
Астанада Comic Con фестивалі басталды
Достарға айту
6-9 тамыз аралығында Barys Arena мен "Алау" мұз сарайы кино, телехикаялар, аниме, комикстер, бейнеойындар және косплейдің ондаған мың жанкүйерін қабылдайды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
Қонақтарды әлемдік жұлдыздармен кездесулер, қолтаңба тарату және фотосессиялар, жүлде қоры 20 млн теңгені құрайтын ауқымды косплей байқауы, ойын аймақтары, шоулар мен әртістердің өнер көрсетуі күтеді.
Фестивальдің басты қонақтары қатарында актерлер Николай Костер-Вальдау ("Тақтар ойыны" телехикаясының жұлдызы), Пол Андерсон ("Өткір күнқағарлар"), One Piece телехикаясының жұлдыздары Иньяки Годой мен Таз Скайлар, сондай-ақ Kandis K-pop тобы бар.
"Биыл біз барлық мақсатты аудиторияға арналған хедлайнерлерді шақырдық. Сондықтан, әр хедлайнерімізді асыға күтіп отырған өз аудиториясы бар. Дегенмен, Николай Костер-Вальдауды көруге ниетті адамдар саны көбірек болады деп ойлаймын. Онымен бүгін Barys Arena-да кездесуге болады", - деді Comic Con Astana фестивалінің бас продюсері Наталья Абрашкина.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.08.2026, 10:52 54276
Алматы тұрғындары Көкжайлау мен Бутаковкадағы ағаштардың кесілуіне алаңдаулы
Сурет: Әлеуметтік желіден алынған
Достарға айту
Әлеуметтік желіде Көкжайлау мен Бутаковка шатқалдарында ағаштарды кесуге және жер жұмыстарын жүргізуге дайындық басталғаны туралы ақпарат тарап, қоғамда кең резонанс туғызуда, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
Жарияланған кадрлардан Көкжайлауда ауыр құрылыс техникасының жұмыс істеп жатқанын көруге болады. Сонымен қатар, тұрғындар Бутаковкада кесілетін ондаған шырша мен қарағайларға белгі қойылғанын хабарлады.
Алматы тұрғыны Татьяна Березовскаяның айтуынша, ағаштар Медеу бағытындағы жол құрылысы аясында кесілуі мүмкін.
"Белгі қойылған шыршалар өте көп. Ол жерде Медеуге дейін жол салмақшы екені туралы ақпаратты көрдім. Бұл не сұмдық? Шексіз көлік пен асфальттан тынығып, демалатын табиғи орындарымыз мүлде қалмайтын болды ғой", - деп жазды ол әлеуметтік желіде.
Желідігі хабарлама қоғам арасында қызу талқылауға ұласып, көптеген қолданушы жобаның жүзеге асырылуы бірегей табиғи аумақтардың жойылуына әкелуі мүмкін деп алаңдаушылық білдіруде. Сонымен қатар, пікір қалдырушылардың бір бөлігі жұмыстар аяқталғаннан кейін аумақ демалуға қолжетімді әрі жайлы болатынын атап өтіп, туристік инфрақұрылымды дамытуды қолдауды.
Бейжай қарамайтын алматылықтардың кейбір пікірлері:
"Бұл туризмді дамыту емес, тағылық! Тауда құрылыс жүргізбей, ЭКОтуризмді дамыту керек. Туристерге не көрсетіледі? Қаланың үстін басқан ҚАРА ТҮТІНДІ МЕ? Мұны көрсетуге өздеріңіз ұялмайсыздар ма? Қыста осы биіктіктен "бақ-қаланың" тұрғындары қандай ауамен тыныстап жүргені анық көрінеді".
"Бұл даму емес, қылмыс!!! Қалада тыныс алатын ауа жоқ жерлерге веложолдар салып жатыр, ауа лас! Енді таудың бәрінде құрылыс пен коммерция, ал ол жерлерде керісінше серуендеп, таза ауамен тыныстау керек қой!!! Мұның қисыны қайда екені түсініксіз!!! Мүдделі адамдардың мақсаты - өз қалталарын ақшаға толтыру екені түсінікті, бірақ қала тұрғындарының денсаулығын аз да болса ойлаңыздаршы!!!! Қазачка шатқалы өте жасыл, өсімдігі қалың еді, ал қазір жасы кемінде 50 жылға жеткен ағаштардың өзі жойылып жатыр!!!! Мырзалар, әлі де кеш болмай тұрғанда естеріңізді жиыңыздар!!!!!"
"Көкжайлауға тиіспеу керек! Бұл - бүкіл Қазақстан халқының игілігі, оны БОЛАШАҚ ҰРПАҚ ҮШІН САҚТАУ ҚАЖЕТ! Курорт жобасын салдары кейін көрінетін қауіп-қатерлері бар проблемаға айналдырудың қажеті жоқ!"
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
INTERNET TELEVISION
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
10.08.2026, 09:16Тоқаев отандастарымызды Абай күнімен құттықтады 10.08.2026, 09:45 2841Қазақстанда шекарадан жүк көліктерін өткізуге қойылатын бақылау күшейтіледі10.08.2026, 10:19 1841Бақыт Есімова Президенті әкімшілігінің бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды10.08.2026, 11:08 1476Қазақстанда "Заң және тәртіп" қағидатын іске асыру жөніндегі комиссия құрылды10.08.2026, 11:58 766Астана қаласының аумағы арқылы транзиттік автомобиль көлігінің жүру тәртібі белгіленді
05.08.2026, 19:17 83421ҚР Ұлттық экономика министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды06.08.2026, 15:56 73206Қазақстанда шетелдік танымал тұлғалар бейнеленген саяси үдерістерге қатысты фейктердің жаңа толқыны анықталды06.08.2026, 13:30 7308616 тамыздан бастап ҮАААЖ-мен жүру құны екі есе қымбаттайды06.08.2026, 16:21 72771Бектенов Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысты04.08.2026, 18:34 72386Wildberries қоймаларға жасалған шабуылдардан кейін қазақстандық сатушыларға өтемақы төлейді
24.07.2026, 17:33 105441АҚШ Қазақстаннан әкелінетін жекелеген тауарларға 12,5% мөлшерінде баж салығын енгізді24.07.2026, 13:01 99186Ресейдегі қоймаларға жасалған шабуылдардан кейін Қазақстандық Wildberries селлерлері үлкен шығынға ұшырағандарын мәлімдеді23.07.2026, 17:20 97756Маңғыстау облысы Қазақстан мен Өзбекстанның Өңір басшылары кеңесін қабылдауға дайындалуда17.07.2026, 23:10 96931Қазақстан БҰҰ алаңында волонтерлікті дамытудың үздік тәжірибелерін таныстырды17.07.2026, 14:41 94786ЖИ дамыту әскери бәсекеге емес, бейбітшілік қағидаттарына негізделуі қажет - Тоқаев

