05.02.2021, 16:51 13617

Қазақстанда 5 ақпанға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

Нұр-Сұлтан. 5 ақпан. Kazakhstan Today - 2021 жылғы 4 ақпан 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустың 192 825 жағдайы расталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 1 186 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. 
 
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 192 825. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 22 763 (+120), 
 
Алматы қаласында - 22 551 (+112), 
 
Шығыс Қазақстан облысында - 20 534 (+64), 
 
Атырау облысында - 16 335 (+44), 
 
Павлодар облысында - 14 538 (+225), 
 
Қарағанды облысында - 14 175 (+79), 
 
Ақмола облысында – 11 661 (+164), 
 
Батыс Қазақстан облысында - 11 395 (+88), 
 
Солтүстік Қазақстан облысында - 11 243 (+64), 
 
Қостанай облысында - 10 646 (+83), 
 
Алматы облысында - 9556 (+71), 
 
Шымкент қаласында - 5914 (+9), 
 
Жамбыл облысында - 5636 (+22), 
 
Түркістан облысында - 4157 (+9), 
 
Маңғыстау облысында - 4098 (+17), 
 
Ақтөбе облысында - 3993 (+12), 
 
Қызылорда облысында - 3630 (+3).
 
Қазақстанда өткен тәулікте 1 450 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша жазылғандар саны - 173 659, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
5 ақпандағы жағдай бойынша КВИ-дан 27 480 адам (16 584 КВИ+ және 10 896 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 5 734 науқас стационарларда, ал 21 746 науқас амбулаториялық деңгейде. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
• ауыр жағдайда – 265 науқас; 
 
• аса ауыр жағдайда – 49 науқас; 
 
• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 48 науқас. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 5 ақпан аралығында коронавирустан жалпы 2 582 өлім тіркелді. Өткен тәулікте коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар 6 науқас қайтыс болды. 
 
Сонымен қатар, 3 ақпан 2021 жылы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 71 жағдайы және 6 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 201 адам емделіп шықты. 
 
2020 жылдың 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 48 158, 579 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 36 683 жетті. 
 
2021 жылғы 5 ақпандағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан. 
 
"Сары" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта - қалған барлық өңірлер. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны