29.09.2022, 16:06 20376

Қазақстанда 60 мыңнан астам жетім бала баспанаға мұқтаж - сенатор

Қазақстанда 60 мыңнан астам жетім бала баспанаға мұқтаж - сенатор
Сурет: Depositphotos
АСТАНА. 29 ҚЫРКҮЙЕК - Сенатор Амангелді Толамисов Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың атына жолдаған депутаттық сауалында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үй алу мәселелері туралы айтты.
 
Парламент депутаты елімізде мұндай балалардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан бірінші кезекте баспана алуға құқығы бар екенін еске салды. Қазіргі кезде бұл санатта тұрғын үй алу кезегінде 60 845 азамат тұр. Былтыр 1 211 адам баспана алды, ал биылдың бірінші жартыжылдығында тек 287 адам ғана тұрғын үймен қамтамасыз етілді.
 

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиеленіп жатқан мекемелердің орналасқан мекенжайы бойынша емес, туған жерлеріне қатысты тұрақты тұрғылықты тіркеуге қойып, сол өңірлерде баспана кезегіне енгізу керек. Бұл өз кезегінде олардың жылдамырақ баспана алуына мүмкіндік береді. Мемлекеттік органдар "Отбасы банкі" АҚ-мен бірлесіп, балалар үйінің тәрбиеленушілері мен жетім балалар санатында кезекте тұрған жастарға жеңілдетілген тұрғын үй ипотекалық бағдарламаларын және сатып алу мүмкіндігінсіз мемлекеттік жалға берілетін пәтерлерге қатысты бағдарламаларын қарастыруы тиіс", - деді Амангелді Толамисов Сенаттың жалпы отырысында.

 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны