08.02.2021, 17:12 9832

Қазақстанда 8 ақпанға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

Нұр-Сұлтан. 8 ақпан. Kazakhstan Today - 2021 жылғы 7 ақпан 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустың 196 115 жағдайы расталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 1 003 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. 
 
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 196 115. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 23 139 (+75); 
 
Алматы қаласында - 22 898 (+114); 
 
Шығыс Қазақстан облысында - 20 705 (+63); 
 
Атырау облысында - 16 467 (+43); 
 
Павлодар облысында - 15 204 (+222); 
 
Қарағанды облысында - 14 357 (+46); 
 
Ақмола облысында – 12 070 (+118); 
 
Батыс Қазақстан облысында - 11 650 (+83); 
 
Солтүстік Қазақстан облысында - 11 439 (+69); 
 
Қостанай облысында - 10 892 (+81); 
 
Алматы облысында - 9732 (+47); 
 
Шымкент қаласында - 5930 (+5); 
 
Жамбыл облысында - 5669 (+11); 
 
Түркістан облысында - 4169 (+7); 
 
Маңғыстау облысында - 4127 (+7); 
 
Ақтөбе облысында - 4020 (+5); 
 
Қызылорда облысында - 3647 (+7).
 
Қазақстанда өткен тәулікте 843 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша жазылғандар саны - 176 744, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
8 ақпандағы жағдай бойынша КВИ-дан 27 028 адам (16 770 КВИ+ және 10 258 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 5 804 науқас стационарларда, ал 21 224 науқас амбулаториялық деңгейде. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
• ауыр жағдайда – 268 науқас; 
 
• аса ауыр жағдайда – 49 науқас; 
 
• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 42 науқас. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 8 ақпан аралығында коронавирустан жалпы 2 601 өлім тіркелді. Өткен тәулікте коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар 6 науқас қайтыс болды. 
 
Сонымен қатар, 6 ақпан 2021 жылы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 18 жағдайы және 5 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 246 адам емделіп шықты. 
 
2020 жылдың 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 48 313, 584 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 37 471 жетті. 
 
2021 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Ақмола, Павлодар облыстары орналасқан. 
 
"Сары" аймақта: Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта - қалған барлық өңірлер. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны