25.01.2021, 17:51 8006

Қазақстанда баланың қайда жүргенін анықтайтын жүйе іске қосылады

"Тап мені" - Bluetooth желісінде жұмыс істейтін трекерлерді мониторингілейтін мобильді қосымша.
Нұр-Сұлтан. 25 қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстанда баланың тұрған орнын анықтауға мүмкіндік беретін "Тап мені" жүйесі іске қосылады. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты.
 

Биыл министрлік тарапынан жүзеге асырылатын ілкі жобаларға тоқталып өтсем. Бұл - баланың жүрген жерін анықтауға мүмкіндік беретін "Тап мені" балалардың қауіпсіздік жүйесі. Ол – Bluetooth желісінде жұмыс істейтін трекерлерді мониторингілейтін мобильді қосымша. Қосымша ата-аналардың смартфонына орнатылады. Ал трекерді баланың киіміне немесе мектеп сөмкесіне жапсырып қоюға болады", - деді ол ведомствоның баспасөз қызметі алаңында өткен брифинг барысында.

 
Нұрділдә Ораздың атап өтуінше, баламен байланыс жоғалған жағдайда ата-аналары қосымшаның трекер шамшырағын іздеу режимін қосады.
 

Сонымен қатар жүйе Жедел басқару орталығымен ықпалдастырылған. Демек, баланы іздеу туралы дабыл автоматты түрде полицияға да түседі", - деді Нұрділдә Ораз.


Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны