18.09.2020, 20:02 9730

Қазақстанда барлық өңірдегі сулар сапасын онлайн режимде бақылауға болады

Бүгін Дүниежүзілік су сапасын бақылау күні. Қазақстанда мұндай бақылау 143 су нысандарында жүргізіледі

Алматы. 18 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанда барлық өңірдегі сулар сапасын онлайн режимде бақылауға болады.

Қазақстанда жер үсті сулары сапасының интерактивті картасы жұмыс істейді. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты.

"Бүгін Дүниежүзілік су сапасын бақылау күні. Қазақстанда мұндай бақылау 143 су нысандарында жүргізіледі",- деп жазды министр өз Twitter парақшасында.

Министрдің сөзінше, жер үсті сулары сапасының интерактивті картасы өткен жылы әзірленді. Ол жерден барлық өзен-көлдердің су сапасын онлайн бақылауға мүмкіндік бар.

"Барша қазақстандықтарды ең бағалы табиғи ресурсымыздың бірі - суды сақтауға, оған ұқыпты қарауға шақырамын",- деген Мағзұм Мырзағалиев.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны