04.02.2020, 19:35 4875

Қазақстанда Белсенділер мен волонтерлердің экологиялық бастамаларының жол картасы әзірленді

Бұдан басқа, министрдің айтуы бойынша, Birgemiz: Taza әlem атты жалпыұлттық жобаны бастауға, экология саласындағы волонтерлердің деректер базасы мен волонтерлерді әдістемелік қолдау орталығын құруға шешім қабылданған.

Алматы. 4 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстанда Белсенділер мен волонтерлердің экологиялық бастамаларының жол картасы әзірленді.

Дүйсенбіде Нұр-Сұлтанда Волонтерлер жылы аясында республикамыздың түпкір-түпкірінен келген қоғам белсенділері мен волонтерлердің қоршаған ортаны қорғау проблемаларына арналған бірінші республикалық эко-слеті өткізілді.

Іс-шара н?тижесінде жол картасы жасалып, оған слет қатысушыларының барлық ұсыныстары мен бастамалары енгізілді.

"Еліміз эко-белсенділерінің бірінші республикалық слетін өткіздік. Волонтерлер жылында мұндай іс-шара өткізу алдағы мақсатымыздың игі болуына септігін тигізеді. Слетке қатысушылармен қоқыс сұрыптау, ҚТҚ-ны азайту, эко-тәрбие беру м?селелерін талқыладық", - деп жазды Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев өзінің Twitter-дегі парақшасында.

"Кездесу нәтижесінде жол картасы құрылып, оған белсенділердің барлық бастамалары мен ұсыныстары енгізілді. Бұл бастамаларды жыл ішінде орындау үшін жұмыс істейтін боламыз", - деп атап өтті Экология министрлігі басшысы.

Бұдан басқа, министрдің айтуы бойынша, Birgemiz: Taza әlem атты жалпыұлттық жобаны бастауға, экология саласындағы волонтерлердің деректер базасы мен волонтерлерді әдістемелік қолдау орталығын құруға шешім қабылданған.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны