Сурет: pixabay.com
Өткен тәулікте коронавирустық инфекциямен сырқаттанудың 5 жаңа жағдайы тіркелді, оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында - 2, Алматы қаласында - 3.
Қазақстанда бір тәулік ішінде 1 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті, пандемия басталғаннан бері - 1 291 898 адам сауығып кетті, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК.
16 мамырға КВИ-ден 196 адам (90 КВИ+ және 106 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде:
- стационарларда - 51 пациент бар;
- амбулаториялық деңгейде - 145 пациент.
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде:
- ауыр халде – 11 пациент,
- аса ауыр халде – 0 пациент,
- ӨЖЖ аппаратында – 1 пациент бар.
2022 жылғы 16 мамырдағы жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы 1-ші компонентпен 9 492 972 адам, 2-ші компонентпен - 9 262 898 адам вакцинацияланды. Ревакцинациялаудан өткен - 4 182 431 адам.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.