Сурет: pexels.com
Өткен тәулікте коронавирустық инфекциямен сырқаттанудың 7 жаңа жағдайы тіркелді, оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында - 3, Алматы қаласында - 3, Қарағанды облысында - 1.
Қазақстанда 9 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті, пандемия басталғаннан бері елде 1 291 922 адам сауығып кетті, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК.
2022 жылғы 18 мамырдағы жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы 1-ші компонентпен 9 494 927 адам, 2-ші компонентпен - 9 264 861 адам вакцинацияланды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.