25.05.2022, 15:41 24876

Қазақстанда бір тәулік ішінде COVID-19-дың 9 жаңа жағдайы тіркелді

Қазақстанда бір тәулік ішінде 3 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті.
НҰР-СҰЛТАН. 25 МАМЫР - Қазақстанда өткен тәулікте ПТР-тестінің (КВИ+) оң нәтижесімен коронавирус ауруының 9 жаңа жағдайы тіркелді, пандемия басталғаннан бері барлығы - 1 305 710 жағдай, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Өткен тәулікте коронавирустық инфекциямен сырқаттанудың 9 жаңа жағдайы тіркелді, оның ішінде: Нұр-Сұлтанда - 2, Алматыда - 4, Шымкентте - 1, Ақмола облысында - 1, СҚО-да - 1.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 3 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті, пандемия басталғаннан бері барлығы 1 291 960 адам сауығып кетті, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК.
 
2022 жылғы 24 мамырдағы жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы 1-ші компонентпен 9 500 001 адам, 2-ші компонентпен - 9 274 013 адам вакцинацияланды
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны