Сурет: pixabay.com
Өткен тәулікте коронавирустық инфекциямен сырқаттанудың 6 жаңа жағдайы тіркелді, оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында - 3, Алматы қаласында - 2, СҚО-да - 1.
16 мамырда коронавирус белгілері бар пневмонияның 10 жағдайы анықталды.
Өлім жағдайлары тіркелген жоқ.
18 мамырға КВИ-ден 142 адам (86 КВИ+ және 56 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде:
- стационарларда - 49 пациент бар;
- амбулаториялық деңгейде - 93 пациент.
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде:
- ауыр халде – 8 пациент,
- аса ауыр халде – 0 пациент,
- ӨЖЖ аппаратында – 1 пациент бар.
2022 жылғы 17 мамырдағы жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы 1-ші компонентпен 9 494 082 адам, 2-ші компонентпен - 9 264 861 адам вакцинацияланды. Ревакцинациялаудан өткен - 4 207 904 адам.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.