Система Orphus

Қазақстанда бір тәулік ішінде коронавирус ауруының 9 жаңа жағдайы анықталды

05.05.2022, 16:22 15781
Қазақстанда бір тәулік ішінде коронавирус ауруының 9 жаңа жағдайы анықталды
Сурет: pixabay.com
НҰР-СҰЛТАН. 5 МАМЫР - Қазақстанда өткен тәулікте ПТР-тестінің (КВИ+) оң нәтижесімен коронавирус ауруының 9 жаңа жағдайы тіркелді, пандемия басталғаннан бері барлығы - 1 305 566 жағдай, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Бір тәулікте (3 мамыр) коронавирус (КВИ -) белгілерімен пневмонияның 18 жағдайы тіркелді.
 
Өлім жағдайы тіркелген жоқ. 
 
5 мамырға КВИ-ден 1 543 адам (718 КВИ+ және 825 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда - 75 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 1 468 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 14 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 0 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 1 пациент бар. 
 
2022 жылғы 5 мамырдағы жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы 1-ші компонентпен 9 487 193 адам, 2-ші компонентпен - 9 249 491 адам вакцинацияланды. Ревакцинациялаудан өткен - 4 026 937 адам. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны