26.09.2022, 14:44 15356

Қазақстанда бір тәулікте 41 адам коронавирус жұқтырған

Қазақстанда бір тәулікте 41 адам коронавирус жұқтырған
Сурет: Depositphotos
АСТАНА. 26 ҚЫРКҮЙЕК - Қазақстанда өткен тәулікте ПТР-тестінің (КВИ+) оң нәтижесімен коронавирус ауруының 41 жаңа жағдайы тіркелді, пандемия басталғаннан бері барлығы - 1 393 216 жағдай, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, жаңа жағдайлар анықталды: 
 
Астанада - 15, 
 
Алматыда - 11, 
 
Ақмола облысында - 1, 
 
Абай облысында - 2, 
 
Қарағанды облысында - 6, 
 
Қостанай облысында - 4, 
 
Солтүстік Қазақстан облысында - 2.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 882 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті, пандемия басталғаннан бері елімізде барлығы 1 377 365 адам сауығып кетті. 
 
24 қыркүйекте коронавирус (КВИ -) белгілері бар пневмонияның 1 жағдайы анықталды.
 
26 қыркүйекке КВИ-ден 2 286 адам (2 161 КВИ+ және 125 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда - 131 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 2 155 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 2 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 6 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 2 пациент бар. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны