17.11.2022, 10:37 31806

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус жұқтырған 72 адам анықталды

КВИ-ден 786 адам ем алуды жалғастыруда.
Астана. 17 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанда өткен тәулікте ПТР-тестінің (КВИ+) оң нәтижесімен коронавирус ауруының 72 жаңа жағдайы тіркелді, пандемия басталғаннан бері барлығы - 1 395 522 жағдай тіркелді.
 
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 17 қарашада КВИ-ден 786 адам (609 КВИ+ және 177 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде:
 
- стационарларда - 90 пациент бар;
 
- амбулаториялық деңгейде - 696 пациент.
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде:
 
- ауыр халде - 8 пациент,
 
- аса ауыр халде - 2 пациент,
 
- ӨЖЖ аппаратында - 2 пациент бар.
 
15 қарашада коронавирус белгілері бар пневмонияның (ПТР-) 14 жағдайы анықталды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны